02 Желтоқсан, 2016

Елшілік ашуға өтініш білдірді

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенатының баспасөз қыз­­­­меті хабарлағандай, Халық­ара­лық қа­­­тынастар, қорғаныс және қауіп­сіз­дік ко­­ми­тетінің хатшысы Икрам Адыр­бе­ков Латвия Республикасы Сеймі Ха­лық­аралық істер жөніндегі комитетінің тө­­­­рағасы Оярс Калниньшпен екі­жақ­­ты ынтымақтастық мәселелерін тал­қылады. О.Калниньш Тәуелсіздіктің 25 жылында Қазақстан қол жеткізген табыстарды жоғары бағалады. Өз кезегінде сенатор И.Адырбеков «Нұрлы жол» бағдарламасы, Қазақстан­ның көлік-транзит әлеуеті туралы ха­бар­­­дар етіп, латвиялық кәсіпкерлер­ді ин­дус­триялық-инновациялық да­му және ин­фрақұрылымдық мемлекет­тік бағ­дар­ла­маларды іске асыруға қатысу­ға ша­қыр­ды. Әңгіме барысында Латвия Сеймі Ха­лық­аралық істер жөніндегі комитетінің тө­рағасы Ригада Қазақстан елшілігін ашу туралы өтініш айтты. Дипломаттың пікірінше, бұл достық қатынастарды ны­ғайтуға және сауда-экономикалық ынтымақтастықты үдетуге ықпал етеді.