02 Желтоқсан, 2016

25 жастағы 25 отандасымыз

197 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» партиясының мүшелігіне өтті Тәуелсіз Қазақстанның 25 құрдасы «Нұр Отан» партиясының мүшесі атанды. Олардың қатарында ғалымдар, спортшылар, дәрігерлер, ветеринарлар, әртістер, кәсіпкерлер, мұғалімдер, журналистер, фермерлер және мемлекеттік қызметкерлер бар. Жас патриоттарға партиялық билеттерді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед тапсырды. Партия Орталық аппара­ты­ның ғимаратында өткен салта­нат­ты шарада Мұхтар Құл-Мұ­хаммед:  «Қазақстан хал­қы – Тұңғыш Президенті кү­ні мен  алдымыздағы ең ұлық мерекеміз – Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жыл­­­­дық торқалы тойы – бұл екі ме­­реке Елбасымыз, партия көш­­бас­­­шысы есімімен тығыз бай­­ла­ныс­ты. Елбасымыздың ке­мең­гер­­­лік басшылығымен тәу­ел­сіз Қа­зақстан бүкіл әлемге та­ныл­ды. Нұрсұлтан Әбішұлы әсем Аста­­намызды салып, оны дү­ние жү­зіне жарқырата көр­сетті. Әлем халқы біздің Ас­танамызды «Бо­ла­­шақтың қа­л­асы» деп атайды. Ал бо­лашақ – сіздердікі. Бүгін сіз­­­­дер Елбасы партиясының қа­­та­­­­­ры­­на қабылдандыңыздар. Бұл сіз­­дер­ге үлкен сенім ғана емес, зор жау­ап­кершілік те жүк­­тей­ді. Сіз­­дер­дің Елбасы се­ні­мін ақ­тай­тын­да­рыңызға кәміл се­немін», деді. «Бүгінде Астанада 300 мың­нан астам жас буын өкілдері тұ­рады. Ақмола еліміздің елорда­сы атан­ған тұста қала халқы бұ­­дан да аз болатын, – деді әрі қа­­рай «Нұр Отан» партиясы Тө­ра­­­­ғасының бі­рінші орынбасары. – Сондықтан Ас­тананы жас­тар қа­ласы деп то­лық сеніммен ай­туға бо­лады. Өкі­нішке қарай, аста­на­­лық жас­тар­­дың тек 5 пайызы ғана «Нұр Отан» партиясының мү­шесі. Бұл ай­тарлықтай аз. Сол себепті, партия­мыз жастардың мүшелікке өту бел­сенділігін қолдайды. Бүгінде еліміздегі министр, әкім, депутат, ұлттық компания басшыларының арасында жастар жетіп артыла­ды. Табандылықпен жұмыс істе­се­ңіз­дер сіздер де солардың қа­та­ры­нан кө­­рінесіздер. Бұл жолда мен сіз­дер­­ге шын жүре­гім­мен сәттілік ті­­леймін». Партиялық билеттерді тапсыру кезінде өздерінің партия ісіне адал қызмет ететіндері жөнінде пі­кір қосқандар да болды. «Bugin Group» ЖШС-нің коммерциялық ди­ректоры Қуаныш Сейсембаев: «Еңбегімді ескеріп, партия мү­ше­лігіне қабылдағандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Мем­лекет басшысы шағын және ор­та биз­нес­тің кез келген елдің эко­но­ми­калық жағынан өсуі мен өрк­ен­деу­інің негізі екенін өте жақсы бі­леді. Елімізде кәсіпкерлікпен ай­налысамын деген азаматқа мем­лекетіміз еркін мүмкіндіктер ала­ңын қалыптастырды. Сіздердің қа­тарларыңызда еліміздің одан әрі өр­кендеп дамуы үшін барынша ат са­лысуға, өз үлесімді қосуға бар кү­ші­мді саламын. Ел үшін қызмет ету – жастың да, жасамыстың да па­рызы. Ал біздер, жастар жағы сөз­бен де, іспен де қызмет етуге тиіс­піз», деді ағынан жарылып. Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұ­ра­ров: «Мен қазіргі уақытта спо­рт саласында әлемді аралап, қай жақ­қа барсам да, Қазақ­стан­ды та­нып, құрметтеп жа­тады. Тәу­ел­сіздіктің 25 жы­лы ішінде әлем­де өз орнымыз­ды айқындай біл­дік. Осы ерен еңбектің барлығы Ел­­басы­мыз­дың салиқалы сая­са­ты­ның арқасы. Мен Елбасы саясатын қолдаймын, Елбасы бас­қарып отырған «Нұр Отан» партия­сы мү­шелігіне қосылғаныма қуа­ны­ш­- тымын. Еліміздің Туын әлем­дік деңгейде желбіретуге бар күш-жі­герімді саламын», деді. Ал «Назар аудар» КТК ко­ман­дасының мүшесі Мәди Әбду­ғалиев: «Егемен елімнің еркін ой­лы азаматы ретінде «Нұр Отан» пар­­тия­сының мүшелігіне өткеніме қуа­­н­ыштымын. Мен Тәуелсіз ел­­дің төл перзенті болғанымды ба­­қыт санаймын. Өз Отаныма адал қызмет ету – басты пары­зым. «Нұр Отан» партиясы жас­тар­­ға үнемі қамқорлық танытып, қол­дау көрсетіп келеді. Осы орай­да, пар­тияның «Сәтті қадам», «Жас­тар­­дың кадрлық резерві» сынды жо­­балары жас­тардың еңбекке ор­на­­ласуына мүмкіндік туғызып, өз ар­мандарын жүзеге асыруына кө­мек беруде. Республика жас­тары­ның сүйікті ойынына айналып үл­гер­­ген «Жайдарман» ойын­­дары «Жас­тар Отанға» атты кең көлемді жо­басының ая­­сын­да жү­зеге асырылу­да. «Жас Отан» қол­даған «Жай­дар­ман» ойын­да­рының 2013 жыл­ғы чем­пионы ата­нып, ба­ла күнгі арма­нымның бірі орындалды. Бұл да менің үл­кен жетістіктерімнің бірі деп бі­лемін», деді. Партиялық билеттерін алған­дар­дың қатарында  елордалық теміржол вок­залының жетекші инженері Ер­жан Айтпанбетов, Көкшетау уни­верситетінің ұстазы Юлия Мон­­та­риди, танымал әнші Әли Оқа­­пов, «Қазақстан-Ақтөбе» теле­ар­на­сы­ның журналисі Ің­кәр Қара­ша­ева, Алматы об­лы­­сы­ндағы «Әлі­баев» шаруа қо­жа­лығының же­те­кшісі Қуаныш Құдайбергенов, ве­те­ри­нар Манат Рысқұлбеков, «ASTANA CITY» велоко­ман­да­­сы­­ның спортшысы Павел Гац­кий жә­­не басқалар бар. Қатарына жас патриоттарды тар­ту – «Нұр Отанның» басым ба­ғыттарының бірі. Тек биыл ғана пар­тияға 23 мыңнан астам жас­тар өкілі мүше болды. Ал қазіргі таң­да «Нұр Отан» сапындағы жас буынның жалпы саны 170 мыңнан асады. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»