02 Желтоқсан, 2016

Антарктидаға бағыт алған екінші экспедиция

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
8vi8hganl0gzl2fbtp65xxk33fcoimЕл Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап Антарктидаға екінші қазақстандық экспедиция жіберілді. «Тәуелсіздік Полюсі» деп аталатын ғылыми-зерттеу экспедициясының мүшелері Оңтүстік полюстегі Винсон шыңын бағындырмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚазГео төралқа төрағасы Төлеген Тастанбеков мәлім етті. Қазақстан халқы Ассамблея­сының қам­қорлығымен өткізі­летін ғылыми-зерттеу экспедициясын «Қазақ геогра­фия­лық қо­ғамы» қоғамдық бірлестігі ұйым­­дастырып отыр. Жобаның бас серік­тесі – «Бәйтерек» ұлттық бас­қару холдингі. «Экспедиция 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті күні бас­талды. 16 желтоқсан – еліміздің Тәу­елсіздік мерекесін тойлаған кү­ні Антарктиданың ең жоғары нүк­­тесі – Винсон шыңына (4892 м) Қа­зақстан Рес­пуб­ликасының Мем­­­лекеттік Туы тігіледі»,  де­ді Т.Тас­­­танбеков. Бұдан бөлек, экспедиция қатысу­шы­лары 200 шақырымнан астам қашық­тықты шаңғымен жүріп өтпек. Баспасөз мәсли­хатында «Тәуелсіздік Полюсі» экспе­дициясының негізгі құра­мы жарияланды. Оның қата­рында Алматы қаласындағы «QazaqGeography» аймақтық өкіл­дігінің жетекшісі Мағжан Сағымбаев, альпинистер Ильяс Ғалымбеков пен Юрий Юшин, ғалымдар Әлия Ерназарова, Арман Баймұхамедов пен Дәу­лет Шәріпов бар. Сон­дай-ақ, экспедицияға әл-Фара­би атын­дағы Қазақ ұлт­тық уни­верситеті мен  С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық меди­циналық уни­верситетінің ғылыми қыз­меткерлері аттанды. Олар эко­логия, биология мен адам фи­зиологиясы салаларында зерттеу жұ­мыстарын жүр­гізеді. Соның ішін­де Ан­тарктиданың экожүйесінде болатын органикалық пес­тицидтерді, төтенше жағдайға бейімделген микроағзалардың алуан түрлілігін анықтауды және Антарктиданың төтенше ортасында ауа райының адам денсаулығы мен психологиялық сезіміне әсер беретін ықпалдарды табуды көздеп отыр. Айдар ӨРІСБАЕВ, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар

Атырауда үшем дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 16:42