03 Желтоқсан, 2016

Өзбекстанда 100 мың адам мерзімінен бұрын дауыс берді

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ozbekstan Өзбекстандағы президенттік сайлауда 115 мыңға жуық адам мерзімінен бұрын дауыс берді, деп хабарлайды « Интерфакс». Мерзімінен бұрын дауыс беру сайлаудан он күн бұрын - 24 қарашада басталып, 2 желтоқсанда аяқталды. Орталық сайлау комиссиясының деректеріне қарағанда, сайлауда 21,5 миллионға жуық сайлаушы дауыс беруі тиіс. Еске сала кетсек, Өзбекстан президентін сайлау 4 желтоқсанда өтеді. Өз кандидаттарын төрт саяси партия тіркеді. Кәсіпкерлер мен іскер адамдар қозғалысы - Өзбекстанның Либеральдық-демократиялық партиясы президенттіке мемлекет басшысы міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеевті, "Миллий тикланиш" демократиялық партиясы - парламенттің төменгі палатасы спикерінің орынбасары Сарвар Отамурадовты, Өзбекстан Халықтық-демократиялық партиясы  және "Адолат" Социал-демократиялық партиясы өз көшбасшылары  - Хотамжон Кетмонов пен Наримон Умаровты тіркеді.  
Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28

21 шетелдік байқаушы аккредиттелді

Референдум • Бүгін, 08:17

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15