03 Желтоқсан, 2016

Конькимен жүгіруден Әлем кубогының үшінші кезеңі басталды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
photo_33402 Астанадағы «Алау» мұз айдынында конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогының 3-ші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды "24 Хабар" арнасы. Желтоқсанның 4-іне дейін жалғасатын жаһандық додаға 26 мемлекеттен келген 357 спортшы өзара мықтыны анықтайды. Мұнда топ жарған үздіктер келесі жылы өтетін Еуропа және Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады. Бәсі жоғары бәсекеде өзіміздің отандық спортшылар да бақ сынасады. Атап айтсақ, жастар арасындағы Әлем кубогының жеңімпазы Екатерина Аидова 500 және мың метр қашықтықта өнер көрсетеді. Одан бөлек, елордадағы турнирге Олипиада және Әлем кубогының жеңімпаздары да қатысып жатыр.