03 Желтоқсан, 2016

Ақмола облысында мəдени демалыс орталығы ашылды

203 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
20161203120510 Ақмола облысының əкімі Сергей Кулагин Егіндікөл ауданына жұмыс сапары барысында Полтавка ауылында мəдени демалыс орталығының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды əкімдіктің баспасөз қызметі. Ауданға жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Полтавка ауылындағы «Сарымсақты» серіктестігінің әлеуметтік-тұрмыстық нысанын аралап көріп, «Полтавка Блок Строй» серіктестігінің өнім көрмесімен танысты. Кәсіпорынның басшысы Оралбай Глашевтің айтуынша, мұнда жылына 5,5 мың текше метр құм, көбікті және газ блоктарын жасап шығарып, ішкі нарықта сатады. Өңір басшысы 120 орындық дәмхана мен осында орналасқан бильярд залын, тұшпара цехын аралап көрді. Аталмыш цехта ауысымына 5 келі тұшпара өндіріледі. Бұдан соң Сергей Кулагин мемлекеттік жекеменшік серіктестігі аясында салынған мәдени демалыс орталығының ашылу салтанатына қатысып, құттықтау сөз сөйледі. 20161203120455 Ғимаратта кітапхана, 120 орындық мәжіліс, спорт және бильярд залдары, сауна мен бассейн бар.  Оған қоса, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен балалардың ойын алаңы салынып отыр. Серіктестік басшысы Оралбай Глашевтың айтуынша, орталық өз бу қазандығы арқылы жылытылады. Орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Осы күні аймақ басшысы Егіндікөл орталық аудандық ауруханасында болып, дəрігерлер ұжымымен кездесті. Ағымдағы жөндеуден өткен перзентхананы, хирургия, терапевт және балалар бөлімшелерін аралап көрді. Биыл республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, су және жылу құбырлары жөнделіпті. ҚР Үкіметінің арнайы резервінен қомақты қаржы бөлініп, кір жуатын нысан қалпына келтірілген. Жұмыс сапары барысында  облыс әкімі жергілікті азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Одан əрі аудан активімен кездесіп, аудан әкімі Нариман Төлеповтың биылғы жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жөніндегі есебін тыңдады.