03 Желтоқсан, 2016

Конфедерация кубогы: таеквондодан финалистер анықталды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясы кубогының жартылай финалына іріктеу ойындарында таеквондодан (WTF) бірлескен командалық жарыстар аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының командасы Алматы қаласының командасын 51-50 ұпай санымен жеңіп, финалға өтті. Батыс Қазақстан мен Жамбыл облысы спортшылары арасындағы сайыста 36-41 ұпай санымен Жамбыл облысы таеквондошылары жеңіске жетті. Еске сала кетейік, 3-4 желтоқсанда  Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясы кубогының жартылай финал және финалдық кезеңі өтеді.