03 Желтоқсан, 2016

Павлодарда 1 күнде 62 мұз айдыны іске қосылды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
3fbcf68859ff6b7858e29b05ff2b1f85 Павлодар қаласында 62 мұз айдыны бір күнде іске қосылды, деп хабарлайды BNews.kz. Павлодар облысында қысқы спорт түрлерін дамытуға баса назар аударылған. Сондықтан, биыл павлодарлықтар үшін 62 ірілі-ұсақты мұз айдыны құйылды. Бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Бұған дейін олардың қатары әлдеқайда аз болған.

Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаевтің айтуынша, мұз айдындары көктемге дейін халық игілігіне жарамақ.

«Облыста қысқы спорт түрлеріне деген қызығушылық артуда. Бүгінгі күні балалар-жасөспірімдер мектептерінде мәнерлеп сырғанау мен хоккеймен айналысатындардың қатары 500-ден асқан», – дейді Нұрлан Есембаев.

Айта кетейік, Павлодар облысында спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың саны 220 мыңға жеткен. Ал 25 жыл бұрын бұл көрсеткіш небары 90 мың болған.