03 Желтоқсан, 2016

6 облыста дауылды алдын ала ескерту хабарланды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Астана қаласының тұрғындары мен алты облысқа дауылды алдын ала ескертуді хабарлады. Алдағы екі тәулік ішінде бірнеше аймақтарда жел күшейіп, қатты жауын жаууы мүмкін. Республиканың оңтүстігінде жауын-шашын күтілуде. Ведомства ақпараты бойынша, Астанада 4-5 желтоқсан күндері тәулік бойы оңтүстік шығыстан оңтүстік батысқа ауысатын, секундына 15-20 метрге дейін жел соғады. Уақытылы боран, көктайғақ. "3-4 желтоқсанда Алматы облысының Алакөл өзенінің маңында оңтүстік шығыстан секундына 18-23 метрге дейін жел соғады, секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін. 4 желтоқсанда тәулік бойы Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында, 4 желтоқсанда Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында оңтүстік батыстан секундына 15-20 метрге, сондай-ақ екпіні секундына 25 метрге, уақытылы секундына 30 метрге дейін қатты жел соғуы мүмкін. 4 желтоқсан Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында, 4 желтоқсанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде қатты жауын жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Ал Шығыс Қазақстан облысында боран күтілуде. 3-4 желтоқсанда ауа райына байланысты, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының төмен таулы өзендеріне жауынның көп түсуіне байланысты, су тасу, таудан су ағу қауіпі күтілуде",-делінген құтқарушылардың хабарламасында.