03 Желтоқсан, 2016

Қай үздік жоба Швейцарияға барады?

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Швейцариялық Seedstars World компаниясы қазақстандық MOST бизнес-инкубаторымен және “Верный капитал” компаниялар тобымен бірігіп аймақтардағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында стартаптар конкурсын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Today.kz. Бір ай көлемінде олар қазақстандық жобаларды іріктеді. Оған еліміздің барлық өңірінен 100 стартап қатысты. Оның ішінде ең үздік он жоба анықталды: TopKSK - тұрғындарға арналған платформа. Қызметтің сапасын бағалап, шығындардың ашықтығын қамтамасыз етеді. Diodey - IoT-стартап, мобильді қосымша арқылы басқарылатын жарықтандыру. Gift Sensor - сыйлықтар ұсынуға арналған сервис. Әлеуметтік желідегі парақшаларға анализ жасап, адамға қандай сыйлық жасауға болатынын анықтап береді. IRC Almaty - ұйқыға бөлінген уақытты қадағалау арқылы денсаулықты күтуге мүміндік беретін жоба. Kelin - әйелдерге арналған әлеуметтік желі. Қазір 200 мың пайдаланушысы бар. Piroq - көлік жүргізуді бағалайтын қосымша. Ең үздік жүргізушіге компания сыйлығы бар. Power WiFi - роутер мен мобильді қуаттандыратын құрылғы. Smart Satu - тапсырыс берушілер мен жеткізушілердің платформасы. Smart Shelf Solutions -  дүкендердегі "ақылды" сөре. Сатылымды бақылауға мүмкіндік береді. Smart Pay - төлем жүйесі. Осы жобаларың біреуі 6 сәуір күн Швейцарияның Лозанна қарласында 1 миллион доллар үшін болатын сайысқа қатысатын болады.