03 Желтоқсан, 2016

«Ұлағатты әулет» байқауы қорытындыланды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016-12-03-17_46_31-parametry Елордада еңбек және отбасы әулеттері арасындағы «Ұлағатты әулет» қалалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқауды елордалық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Қазақстан әйелдері қауымдастығы» ҚБ ұйымдастырды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Мақсаты ұрпақтар сабақтастығын сақтау, еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту болып табылатын байқауға 34 отбасы қатысты. Олардың арасында әртістер, ғалымдар, педагогтар, журналистер, заңгерлер және медиаторлардың әулеттері бар. Еңбек өтілі, әулет өкілдерінің саны, еңбектегі жетістіктері және кәсіпорынның дамуына қосқан үлестері - жарысқа қатысушылар осы критерийлер бойынша бағаланды 2016-12-03-17_47_34-parametry «Әрбір отбасы дәстүрлерімен мықты. Бұл байқау арқылы біз жастар тәрбиесіндегі отбасының, аға ұрпақтың беделін көтереміз. Бүгін біз бір саладағы еңбек өтілі 200 жылдан асатын әулеттерді марапаттап жатырмыз», - деп мәлім етті «Қазақстан әйелдері қауымдастығының» президенті Гүлнар Байымбетова. Байқаудың қорытындысы бойынша, бірінші орынды педагогтар отбасы  Арғынбаевтар иеленді, олардың білім саласындағы еңбек өтілі 220 жылды құрайды. Гран-при Сыздықовтар отбасына берілді. Бұл энергетиктер отбасының барлық мүшелері 200-ден аса жас маманды оқытып, тәжірибе бөліскен. Отбасы өкілдерінің бір кәсіпорындағы жалпы еңбек өтілі 274 жылды құрайды. 2016-12-03-17_48_09-parametry