03 Желтоқсан, 2016

Маңғыстауда дауылды ескерту жарияланды

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті дауыл жөнінде ескерту жариялады. «Маңғыстау облыстық «Қазгидромет» РМК-дан алынған телефонограммаға сәйкес, барлық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарына, мекемелер мен кәсіпорындарға дауылды ескерту жөнінде ақпарат жолданды. Абай болыңыздар», - деді Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз-қызметінің маманы. Мәліметтерге сәйкес, бүгін түнде Маңғыстау облысының жекелеген аумақтарында жаңбыр жауып, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықтағы жел күтіледі.