04 Желтоқсан, 2016

Қазақстандық дзюдошы - халықаралық турнир жүлдегері

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, батысқазақстандық Қазбек Жолдасқалиев Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында дзюдодан 1996-1998 жылғы жастар, 1999-2000 жылғы жасөспірімдер және 1999-2000 жылғы қыздар арасында өтіп жатқан VI «Хан Манас» халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы. Қазбек 55 келі салмақта жүлдеге ілікті. Қазіргі таңда Алматы қаласында білім алып жүрген Қазбек Жолдасқалиевтің жеке бапкері Айболат Сұлтанов болса, аталмыш жарысқа ұлттық құрама жаттықтырушысы Нұрбек Мықтыбаев дайындап апарды.