04 Желтоқсан, 2016

Конфедерация кубогы: Бүгін ақтық кезең өтеді

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясы кубогының финалдық кездесулері өтеді. Кеше өткен іріктеу ойындарында финалға өткен қатысушылар анықталды. Бокстан ақтық кезеңде Астана мен Маңғыстау облысының командалары кездесетін болады. Еркін күрестен Конфедерация кубогының финалында Оңтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарының құрамалары күш сынасады. Грек-рим күресінен финалға Алматы мен Жамбыл облыстарының командалары қатысады. Дзюдодан Жамбылдық команда Қарағанды облысының дзюдошыларымен кездесетін болады. Таеквондодан финалға Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының құрамалары шықты. Естеріңізге сала кетсек, Кофедерация кубогы Тимур Құлыбаевтың бастамасымен тағайындалды. Жалпы жүлде қоры - 125 млн. теңге.