Оңтүстік Қазақстанда өткен Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған «Бірлігіміз жарасқан-Мәңгілік ел» республикалық ақындар айтысында елдің белесті жиырма бес жыл ішіндегі толағай табыстары мен жетістіктері әдемі ұйқастарқа құрылып, көтерілген келелі мәселелер, қыз бен жігіттің әзіл айтысы айтыс сүйер көрерменге айрықша көңіл-күй, рухани серпіліс сыйлады, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Азулы ақындардың кешегі тартысынан – І кезеңінен ақтық аламанға суырылып шыққан 5 жұп, яғни, 10 ақын – Қажымұқан Абзалов (ОҚО) пен Қанат Мырзахан (Жамбыл облысы), Жандарбек Наушабеков (ОҚО) пен Арзыгүл Қайымбекқызы (Қытай Халық Республикасы), Анар Жаппарқұлова (ОҚО) мен Сырым Әуесхан (Астана қаласы), Нұрлыбек Мейірманов (ОҚО) пен Тұрар Тілеулиев (ОҚО), Біржан Байтуов (ОҚО) пен Жандарбек Бұлғақовтар (Астана қаласы) әдемі айтыс жасап, көрерменнің делебезін қоздырды.
Аламан доданың марапаттау рәсімінде сөз алған облыс әкімі Ж.Түймебаев облысымыздағы мәдениет саласына қатысты атқарылған жұмыстардың барысын баяндай келе қазақтың төл өнері – айтыстың алаштың баласы үшін орны бөлек екенін жеткізді.
«Айтыс өнері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілуі Қазақ елі үшін үлкен мәртебе. Осындай баға жетпес, теңдесі жоқ сөз сайысы біздің Оңтүстікте жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Міне, бүгінгі өткізіліп отырған республикалық ақындар айтысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналып отыр. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз елімізде мәдениеттің, ұлттық өнеріміз бен дәстүр-салттарымыздың өсіп-өркендеуін үнемі назарда ұстап келе жатқаны баршамызға аян. Бүгінгі өткізіліп жатқан ақындар айтысы осының айғағы», - деді Ж.Түймебаев.
Мұнан соң, екі күнге ұласқан жыр додасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі басталды. Атап айтқанда, аламан айтыстың бас жүлдесін оңтүстікқазақстандық Анар Жаппарқұлова ұтып алып, жеңімпазға Renault Sandero джипі табыс етілді. Жүлделі І орынға астаналық Жандарбек Бұлғақов лайықты деп танылып, оған Lada Granta теміртұлпары сыйланса, ІІ орын Оңтүстіктің намысын қорғаған Тұрар Тілеулиевке бұйырып, Nexia Sohc жеңіл көлігінің кілті табыс етілді. Ал жүлделі ІІІ орынды Қажымұқан Абзалов (ОҚО) иеленіп, оған 1,5 млн. теңге көлемінде қаржылай сыйлық берілді.
• 04 Желтоқсан, 2016
Республикалық айтыс жеңімпаздары марапатталды

АҚШ НЛО туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03
Шымбұлақ пен Еуразияның әйгілі курорттары Жасыл хартияға қол қойды
Туризм • Бүгін, 13:50
Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53