04 Желтоқсан, 2016

Индонезияда жоғалған ұшақ апатқа ұшыраған

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше жоғалып кеткен индонезиялық M-28 Skytruck ұшағының апатқа ұшырағаны белгілі болды, деп хабарлайды ТАСС Сингапурдың Азаматтық авиация басқармасына сілтеме жасап. "Соңғы сигнал Танджунгпинанг қаласынан 72 км жерде тіркелген. P4201  бортымен байланыс жергілікті уақытпен сағат 11:22-де үзілді. Құрбан болғандар мен ұшақ қалдықтарын табу үшін Сингапур Fokker 50 ұшағы мен Super Puma тікұшағын жіберді", - делінген хабарламада. Индонезия да іздеу шараларына үш кеме мен 2 қайық жіберді. Соңғы мәліметтер бойынша, ұшақтағы адамдардың ешқайсысы тірі қалмаған. Әзірге олардың нақты саны белгісіз, бірақ онда шамамен 12-19 адам болған деген болжам бар. Ұшақ Панкалпинанг қаласынан Батам аралдарына бағыт алған болатын. The Straits Times басылымының хабарлауынша, ұшақтың құлауынан бұрын куәгерлер жарылыстың дыбысын естіген.