06 Желтоқсан, 2016

Қазақстан Республикасының Заңы №26-VІ ҚРЗ

177 рет
көрсетілді
41 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңна­ма­лық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Рес­публикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат): 1) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, материалдық емес активтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын қаржы активтері, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалатын мөлшерде пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Респуб­ликасының өнiмдi бөлу бойынша үлесiн төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындау есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбалар немесе оларды өткізуден түскен ақша түріндегі, сондай-ақ өзге де мүлік түріндегі мемлекет активтері болып табылады.»: 2) 216-баптың 3) тармақшасының бірінші бөлігі «ұлттық» деген сөзден кейін «басқарушы» деген сөзбен толықтырылсын. 2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат): 1) мазмұнында: мынадай мазмұндағы 308-2-баптың тақырыбымен толықты­рылсын: «308-2-бап. Роялти және Қазақстан Республи­касының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі салық міндеттемесін заттай нысанда орындау тәртібі»; 346, 538 және 544-баптардың тақырыптары мынадай редакция­да жазылсын: «346-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеу тәртiбi»; «538-бап. Қазақстан Республикасының визаларын берген, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеген, шетелдіктер мен азамат­тығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеген және келіскен, Қазақстан Республи­касының аза­мат­тығын алған, Қазақстан Республикасының азамат­тығын қалпына келтiрген немесе Қазақстан Республика­сы­ның азамат­тығын тоқтатқан кездегi мемлекеттiк баж мөлшерлемелері»; «544-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдеген кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату»; мынадай мазмұндағы 544-1, 583-1, 605-1 және 636-1-бап­тар­дың тақырыптарымен толықтырылсын: «544-1-бап. Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыру­ларын келіскен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республи­касының визаларын берген, қалпына келтірген немесе ұзартқан кезде мемлекеттік баж төлеуден босату»; «583-1-бап. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиен­ттердің шоттарын жүргізу құқығына ие, инвестициялық портфельд­і басқаратын кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокер­лердің және (немесе) дилерлердің, сондай-ақ сақтандыру ұйым­­дарының салық органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі міндеттері»; «605-1-бап. Соттың шешімімен электрондық аукциондар қорытындысының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдың төленген сомасын қайтару»; «636-1-бап. Салықтық тексерудің алдын ала актiсi»; 666, 670, 673 және 674-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «666-бап. Жалпы ережелер»; «670-бап. Уәкілетті органға жіберілген шағымды қарау тәртібі»; «673-бап. Уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны»; «674-бап. Уәкілетті органға немесе сотқа шағым (арыз) берудің салдары»; 94-тараудың және 676 – 685-баптардың тақырыптары алып тасталсын; 2) 12-баптың 1-тармағында: 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «10) валюта айырбастаудың нарықтық баға­мы – теңгенің шетел валютасына Қазақстан Респуб­ли­касының Ұлттық Банкі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілеген тәртіппен айқындалған бағамы;»; мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толық­тырылсын: «10-2) кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы – мынадай формула бойынша айқындалған бағам: R= R1 + R2 + … + Rn n , мұнда: R – кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифме­ти­калық нарықтық бағамы; R1, R2…, Rn – кезең ішінде кезеңнің әрбір күні алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған, тиісті валютаны айырбас­таудың күн сайынғы нарықтық бағамы; n – кезеңдегі күнтізбелік күндердің саны;»; 19-1) тармақшаның үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Монетаның құрамындағы алтынның құны алтын монетаны өткізу күні алтынның Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингін (баға белгіленімін) көрсетілген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамына көбейту арқылы айқындалады.»; мынадай мазмұндағы 25-1) және 27-1) тармақшалармен толықтырылсын: «25-1) қыздырылатын темекісі бар өнімдер – теме­кінің жану процесінсіз электрондық немесе өзге де тәсілмен темекіні қыздыру нәтижесінде түзілген аэрозольді ішке тартуға арналған темекісі бар өнімдер;»; «27-1) мемлекет атынан алушы – Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі айқындаған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында және (немесе) осы Кодекстің 308-1-бабында көзделген өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген салық міндеттемесін орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда беретін пайдалы қазбаларды алушы ретінде мемлекет атынан әрекет ететін заңды тұлға;»; 30) және 41-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «30) роялти – мыналар үшін: пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік түзілімдерді қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін; авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтылымды, патенттерді, сызбаларды немесе модельдерді, тауар белгілерін немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; өнеркәсіп жабдықтарын, оның ішінде бербоут-чартер немесе димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңіз кемелерін және димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын әуе кемелерін, сондай-ақ сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; «ноу-хауды» пайдаланғаны үшін; кинофильмдерді, бейнефильмдерді, дыбыс жазуды немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін төленетін төлем;»; «41-1) уәкілетті заңды тұлға –салық төлеушінің (салық аген­тінің) және (немесе) үшінші тұлғаның осы Кодекске сәйкес билік етілуі шектелген және (немесе) кепілге салынған мүлкін өткізу саласындағы уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға;»; мынадай мазмұндағы 45-2) тармақшамен толықтырылсын: «45-2) электрондық сигареттер – электрондық технология­лардың көмегімен картридждердегі, резервуарлардағы және электрондық сигареттерде пайдалануға арналған басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтықты қыздыратын және ішке тартуға арналған аэрозольді түзетін темекісіз өнімдер;»; 3) 13-баптың 1-тармағында: мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: «9-1) салықтық тексерудің алдын ала актiсіне жазбаша қарсылығын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынуға;»; 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «10) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттері­не (әре­кетсіздігіне) осы Кодексте және Қазақстан Республика­сы­ның басқа да заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;»; 4) 14-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын; 5) 19-баптың 1-тармағында: мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын: «3-2) Қазақстан Республикасының халықаралық шартының негізінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен ақпарат, оның ішінде коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат алмасуға;»; 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «8) банктерден және банк операцияларының жекелеген түр­лерін жүзеге асыратын ұйымдардан, бағалы қағаздарды но­миналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүр­гізу құқығына ие, инвестициялық портфельді басқаратын кас­то­диандардан, бірыңғай тіркеушіден, брокерлерден және (немесе) дилерлерден, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарынан осы Кодекс­тің 581-бабының 1), 1-1), 1-2), 4) тармақшаларында және 583-1-бабында табыс етілуі көзделген мәліметтерді алуға;»; 6) 20-баптың 1-тармағында: 26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «26) салық төлеушінің (салық агентінің, опера­тордың) салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымын қарауға;»; мынадай мазмұндағы 26-2) тармақшамен толық­тырылсын: «26-2) салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) са­лық­тық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылығын қарауға;»; 7) 35-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) қосылған құн салығынан және мүлік салығын осы Кодекстің 409-бабына сәйкес салық органдары есептейтін, жеке тұлғалардың тұрғын үйі мен басқа да объектілері бойынша мүлік салығынан басқа, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша – осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай құрылтайшы немесе пайда алушы мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актінің негізінде сенімгерлік басқарушыға жүктеуі мүмкін;»; 8) 37-2-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) таратылатын заңды тұлғаның және қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қоюдың ескіру мерзiмi кезеңіндегі түзетулері ескеріле отырып, жылдық жиынтық кірістерінің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің 120000 еселенген мөлшерінен аспайтын;»; 9) 46-бапта: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қоюдың ескіру мерзiмдерi салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау кезеңінде өткен жағдайда, талап қоюдың ескіру мерзiмi арызды (шағымды) қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін шағым жасалатын бөлігінде ұзартылады.»; мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толық­тырылсын: «7-1. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қоюдың ескіру мерзiмдерi салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексерудің алдын ала актiсiне қарсылық берген кезеңде, сондай-ақ оны салық органы қараған кезеңде өткен жағдайда, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке жазу немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау бөлігінде талап қоюдың ескіру мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексерудің алдын ала актiсiне жазбаша қарсылық берген кезеңге, сондай-ақ салық төлеушiнің (салық агентінің) салықтық тексерудің алдын ала актiсіне жазбаша қарсылығын салық органы қараған кезеңге тоқтатыла тұрады.»; 10) 53-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге салған мү­лік­ті өткізуді уәкілетті заңды тұлға сауда-саттық өткізу арқылы жүргізеді. Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепіл­ге салған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етілуі шектелген мүлкін өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»; 11) 57-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Салық салу мақсатында бағамдық айырманы есепке алу халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.»; 12) 60-баптың 6-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакция­да жазылсын: «2) шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде – шағым жасалатын салық кезеңінің салықтық есепке алу саясатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.»; 13) 60-3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Дара кәсіпкерлер шетел валютасымен жасалған операцияларды операция жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып теңгемен қайта есептейді. Бағамдық айырма салық салу мақсатында ескерілмейді.»; 14) 67-бапта: 1-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) мыналар: салық агенттері; Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ басқа да жарналарды төлеу жөніндегі агенттер; Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды төлеушілер; Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер болып табылатын салық төлеушілердің санаттары үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация;»; 2) тармақша алып тасталсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да аударымдардың және (немесе) жарналардың есептелген сомалары туралы ақпаратты көрсетуге арналған. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсаты үшін пайдаланатын, салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалардың нысандарында: 1) жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, оның ішінде өз пайдасына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да аударымдар және (немесе) жарналар есептелетін, ұсталатын және аударылатын салық салу (есептеу) объектілері; 2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кірісінен жеке табыс салығын есептеу туралы ақпарат қамтылуы мүмкін. Бұл ретте шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адам­дардың кірістерінен жеке табыс салығын есептеу туралы қосымшада кіріс алушылар бөлігінде мынадай: салық төлеушi туралы жалпы сәйкестендiру деректерi; салық салу объектiлерi, оның iшiнде халықаралық шартқа сәй­кес салық салудан босатылған салық салу объектiлерi туралы; салық мөлшерлемелері туралы; халықаралық шарттарды қолдану туралы; Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыру кезеңi туралы; салық шегерiмдерi туралы мәліметтер көрсетілуі мүмкін; 3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері бойынша жеке табыс салығының, әлеуметтік салық­тың, міндетті зейнетақы жар­наларының, сондай-ақ «Қазақ­стан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да аударымдардың және (немесе) жарналардың сомаларын есептеу; 4) жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт шең­берінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушілердің әлеуметтік салықты есептеуі туралы ақпарат қамтылуы мүмкін. Осы тармақтың ережелері заңды тұлғаның құ­рылымдық бөлімшелері үшін табыс етілетін, Қазақ­стан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтағы жоқ адамдарға қатысты салық агенттері үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға да қолданылады.»; 3-тармақ алып тасталсын; 15) 68-баптың 7-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Акциз бойынша салық есептілігiн табыс ету жөніндегі мiндеттеме осы Кодекстiң 574-бабы 1-тарма­ғының 1), 2), 3) және 5)  тармақшаларына (темекі өнімдерін, қыздырылатын темекісі бар өнімдерді, электрондық сигареттерді пайдалануға арналған құрамында никотин бар сұйықтықты көтерме саудада өткізуді қоспағанда), 9) тармақшасына сәйкес салық органдарында тiркеу есебiнде тұрған салық төлеушiлерге қолданылады.»; 16) 69-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде – шағым жасалатын салық кезеңiнiң табыс етілген салық есептілігiн керi қайтарып алуына жол берiлмейдi.»; 17) 70-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында көрсетілген, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, сондай-ақ «Қа­зақстан Республикасында зейнетақымен қамсыз­дандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да аударымдар және (немесе) жарналар бойынша шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде – шағым жасалатын салық кезеңінің;»; 18) 84-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын: «4-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәй­кес есептен шығарылған өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасы;»; «11) мемлекет атынан алушы үшін – жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбалардың құны және (немесе) ақшалай мәні; 12) есепке жазылған, бірақ төленбеген және осы Кодекстің 111-бабына сәйкес амортизацияланатын активтердің жекелеген тобын құру мақсаты үшін есепке алуға жататын сыйақы мөлшерінде – жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияның немесе акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық қаржыландыру бойынша сыйақы жөніндегі мiндеттемесiн стратегиялық әріптесінің барлау кезеңінде есептен шығарудан коммерциялық табуға дейінгі кіріс.»; 19) 89-бапта: 1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызмет­тер), сондай-ақ жұмыскерлердің осы Кодекстiң 163-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалатын есепке жазыл­ған табыстары бойынша туындаған және осы баптың 2-тарма­ғында белгіленген тәртіппен айқындалатын үш жылдық кезең iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер күмәндi деп танылады. Алынған кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) жөніндегі күмәнді міндеттемелер бойынша табысқа алынған кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) сомасы қосылмайды.»; 2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) жұмыскерлердің есепке жазылған табыстары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – осы Кодекстің 163-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыскерлердің табыстарын есепке жазған күннен бастап;»; 20) 90-баптың 2-тармағында: 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) банктің бастапқы құжаттарына сәйкес кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын басқаға берген күні банк басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны мен банк борышкерден алуға жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құны арасындағы терiс айырма бөлiгiнде банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын мынадай ұйымдарға: екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға; күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердің талап ету құқығын сатып алатын банктің еншілес ұйымына; егер 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру жөніндегі мәмілеге қатысатын банктердің бірі өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк болып табылған және егер басқаға беру жүргізілген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған талап ету құқығының нарықтық құнынан төмен болмаған жағдайда, басқа банкке берген;»; мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын: «9) осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші кредит (қарыз) бойынша үмiтсiз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруге байланысты кредиттер (қарыздар) бойынша үмiтсiз берешектің және олар бойынша сыйақының салық кезеңінде кешірілген жалпы сомасының салық кезеңінің басындағы кредиттер (қарыздар) бойынша негізгі борыш сомасына және олар бойынша сыйақыға арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде борышкерге қойылатын талап мөлшері азайған жағдайларда, борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi азайтылған кезде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн кiрiс деп танылмайды. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең; 10) осы Кодекстiң 106-бабының 1-3-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi кредит (қарыз) бойынша үмiтсiз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруге байланысты кредиттер (қарыздар) бойынша үмiтсiз берешектің және олар бойынша сыйақының салық кезеңінде кешірілген жалпы сомасының салық кезеңінің басындағы кредиттер (қарыздар) бойынша негізгі борыш сомасына және олар бойынша сыйақыларға арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша борышкерге қойылатын талап мөлшері азайған жағдайларда, борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi азайтылған кезде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн кiрiс деп танылмайды. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең.»; 21) 99-баптың 1-тармағының 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «16) «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың депозиттеріне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резерв активтерін орналастыру нәтижесінде алынған, сондай-ақ қосылу шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін екінші деңгейдегі банктерге қолданылатын тұрақсыздық айыбы түрінде алған кірістері алып тастауға жатады. Осы тармақшаның ережелері көрсетілген кірістер арнайы резервті ұлғайтуға бағытталған жағдайда қолданылады;»; 22) 102-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын; «4. Өкілдік шығыстар жұмыскерлердің салық салуға жататын, осы Кодекстің 163-бабының 1-тармағында көрсетілген табыстары бойынша жұмыс берушінің салық кезеңіндегі шығыстары сомасының 1 пайызынан аспайтын мөлшерде шегерімге жатады.»; 23) 106-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1-1. Күмәндi және үмiтсiз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердiң талап ету құқықтарын сатып алуға банктiң еншiлес ұйымына берiлген күмәндi және үмiтсiз активтерге қарсы провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын банктердiң шегеруге құқығы бар. Бас банктiң күмәндi және үмiтсiз активтерiн сатып алатын еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға берiлген рұқсаттар тiзбесi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады. Бұл ретте халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының күмәндi және үмiтсiз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын бас банктен сатып алуға бас банктің еншiлес ұйымға берген күмәндi немесе үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі талаптарына сәйкес шығыстар сомасы шегерiмге жатады. Банктердiң еншiлес ұйымдарға күмәндi және үмiтсiз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға берген активтерiн күмәндi және үмiтсiз активтер санатына жатқызу тәртiбiн, сондай-ақ бас банктердiң еншiлес ұйымдарға берген активтерiне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру тәртiбiн уәкiлеттi органмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi. Екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттiк портфельдерiнiң сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретiн акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тиесiлi ұйымнан сатып алынған күмәндi және үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын банктер шегерiмге жатқызуға құқылы емес.»; 24) 108-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «108-1-бап. Жер қойнауын пайдаланушының дербес кластерлік қорға ақша аудару жөніндегі шығыстарын шегеру Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластеріне қатысушылардың жобаларын қаржыландыру үшін дербес кластерлік қорға ақша аударуға іс жүзінде шеккен шығыстарының сомасын төмендегідей тәртіппен айқындалған, бірақ оң айырма мөлшерінен аспайтын шегерімге жатқызуға құқылы: есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінің қорытын­дысы бойынша келісімшарттық қызмет бойынша жылдық жиынтық кірістің бір пайызына тең сома, алу осы Кодекстің 108-бабына сәйкес есепті салық кезеңінде шегерімге жатқызылған шығыстар.»; 25) 111-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Респуб­ликасының Заңына сәйкес инвестициялық қаржыландыру бойынша есепке жазылған, бірақ төленбеген сыйақыдан басқа) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арнап жасалған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша:»; 26) 112-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) қазақстандық кадрларды оқытуға: Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға, білік­тілігін арттыруға және қайта даярлауға бағытталған сомалар; Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға арнап мемлекеттік бюджетке аударылған қаражат; тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында жер қойнауын пайдалану саласымен тікелей байланысты мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған және құзыретті органмен келісілген тізбе бойынша сатып алу түрінде Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлау мен қайта даярлауды қаржыландыру бөлігінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының міндеттерін орындау мақсатында салық төлеуші іс жүзінде шеккен шығыстар танылады;»; 27) 115-баптың бірінші бөлігінің 14) тармақшасындағы «қосылатын шығындары шегерімге жатпайды.» деген сөздер «қосылатын шығындары;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын: «15) жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды өткізумен байланысты шығыстар шегерімге жатпайды.»; 28) 133-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «табыстарға азайтуға құқығы бар.» деген сөздер «кірістерге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын: 8) мемлекет атынан алушының: мемлекет атынан алушы жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алған пайдалы қазбаларды өткізуден түскен; жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеу түріндегі кірістеріне; 9) мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлғаның жер қой­науын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбаларды өткізуге байла­ныс­ты шығыстарды өтеу түріндегі кірісіне азайтуға құқығы бар.»; 29) 134-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «түрiндегі табысы» деген сөздер «түріндегі, сондай-ақ депозитте орналастырылған ақшалай қаражат бойынша, оның ішінде соларға байланысты сыйақылар бойынша туындаған оң бағам­дық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кету түріндегі кірісі» деген сөздермен ауыстырылсын; 30) 143-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін сыйақы, дивидендтер, сондай-ақ орналастырылған зейнетақы активтері бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, өмірді сақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық инвестициялық және акционерлік инвестициялық қорларға және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін сыйақы;»; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) жеке тұлғалардың депозиттеріне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға төленетін сыйақы;»; 31) 150-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4-1) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңна­масына сәйкес инвестициялық басым жобаны немесе инвести­ция­лық стратегиялық жобаны іске асыратын (іске асырған) ұйымдар;»; 32) 155-баптың 3-тармағында: 13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «13) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттары және қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруымен байланысты оның өміріне және (немесе) денсаулығына келтіріл­ген зиянды өтеу бөлігінде жұмыс берушімен жасалған аннуи­тетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;»; 29) тармақшаның бірінші бөлігінің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «ипотекалық шарт жасалған күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепілге салынған мүлік соттан тыс тәртіппен негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен сауда-саттықта сатылған немесе мұндай мүлік кепілге салынған мүлік сатылғаннан кейін өтелмеген кредиттің (микрокредиттің) сомасына «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда, кредит (қарыз, микрокредит) бойынша, оның ішінде негізгі қарыз, сыйақы, комиссия және тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тоқтатылған кездегі кіріс.»; мынадай мазмұндағы 29-3) тармақшамен толықтырылсын: «29-3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын, 2004 жылғы 1 қаңтар – 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде алынған ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша жинақталған: бұрын капиталдандырылған сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) сомасы бөлігінде негізгі борышты кешіру; сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру; шетел валютасымен алынған ипотекалық тұрғын үй қарызының (ипотекалық қарыздың) негізгі борыш сомасы бойынша осындай соманы 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы қолданыла отырып қайта есептеу нәтижесінде қарыз алушыға қойылатын талаптың мөлшерін азайту; Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ банк операцияларын жүргізуге уәкілетті органның лицензиясын ерікті түрде қайтарған ұйымның сотқа берілетін талап арыздан алынатын мемлекеттік бажды төлеуі түрінде мұндай адам алған кіріс түріндегі кіріс;»; 33) 156-баптың 1-тармағы 24) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «қызметтік іссапарды ресімдемей:»; 134) 162-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Кодекстің 67-бабының 2-тармағында көзделген жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация салық төленетін жердегі салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей табыс етіледі.»; 1-1-тармақ алып тасталсын; 35) 180-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жеке тұлғаның шетел валютасымен алған (алуына жататын) мүліктік кірі