06 Желтоқсан, 2016

Бауыржан Исламхан – премьер-лиганың үздік ойыншысы

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
islamkhan «Қайрат» футбол командасының капитаны Бауыржан Исламхан премьер-лиганың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлады vesti.kz. Кәсіпқой футбол лигасы ҚПЛ-2016 маусымының үздік ойыншысын анықтау бойынша сауалнаманың қорытындысын шығарды. Бұған елімізде өнер көрсететін командалардың басшылары, бас жаттықтырушылар және капитандар қатысты. Дауыс беру кезінде әрбір респондент қатысушылар ішінен үздік футболшылардың үшеуін атады. Бірінші орын үшін үш ұпай, екінші орынға екі ұпай, үшінші орынға бір ұпай берілді. Қорытындысында Бауыржан Исламхан барлығы 46 ұпай жинап, үздік ойыншысы атанды.  Екінші орын өткен маусымды «Ордабасы» сапында бастап, «Астанада» алтын медальдармен аяқтаған Азат Нұрғалиевке берілді. Оның еншісінде 27 ұпай. Ал үшінші орында – «Қайрат» шабуылшысы Жерар Гоу. Ивуариялық та 27 ұпай жинады. Төртінші орынға «Ертіс» ойыншысы Карлос Фонсека (15 ұпай) жайғасса, үздік бестікті «Қайраттың» тағы бір жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин (13 ұпай) түйіндеді.