Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 2-курс студенті Әлихан Ақберді қазақ күресінен жастар арасында «Тайқазан» жүлдесі үшін өткен жарыста алтын медальға ие болды. Бұл туралы ТарМПИ-дың ақпараттық-имидждік қызметі хабарлады.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған жарысқа еліміздің барлық өңірінен 156 балуан қатысты. Жалпыкомандалық есепте Жамбыл облысының споршыларына тең келер ешкім табылмады.
100 келі салмақ дәрежесінде белдескен Әлихан Ақберді жарыс жолында Алматы қаласы мен Жамбыл облысының балуандарымен күш сынасты. Финалда ол жерлесі Н. Жұмаханнан басым түсті.
«Әлихан ұлттық спорт түрімен төрт жылдан бері айналысады. Бүгінде қазақ күресінен спорт шеберлігіне үміткер. Ол бұған дейін бірнеше додаларда жеңімпаз атанған. Алдағы уақытта да талай қарсыласын шаң қаптыратынына сенімдімін», – деді жаттықтырушысы Мақсат Ізтілеуов.
Айта кетейік, Әлихан бұған дейін қазақ күресінен республикалық «Жас барыс» турнирінде 2-орын, Ғ. Сапарғалиевті еске алуға арналған қазақ күресінен республикалық турнирде 3-орын және республикалық «Айбын» әскери патриоттық жастар жиынында күміс медальды жеңіп алған. Жасөспірімдер арасындағы халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
• 06 Желтоқсан, 2016
Әлихан Ақберді – қазақ күресінен «Тайқазан» жүлдесінің жеңімпазы

Балуандар Медведьтің мемориалынан 14 медальмен оралды
Күрес • Бүгін, 00:34
Қамыстыдағы спорт кешеніне балуанның есімі берілсе...
Спорт • Бүгін, 00:20
Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай халықаралық симпозиум өтті
Қоғам • Бүгін, 00:15
Project Silica: Ақпаратты 10 мың жыл сақтайтын шыны
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Астанада бір қабатты автосервистің ғимаратынан өрт шықты
Елорда • Кеше
Атырау қаласын шаңды дауыл басып тұр
Аймақтар • Кеше