07 Желтоқсан, 2016

Елбасы Қашағанның ресми ашылуына қатысты

148 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2016 жылдың 7 желтоқсанында Атырау қаласында Елбасының қатысуымен әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі және Қазақстандағы бірінші теңіз кен орны болып табылатын Қашаған ресми таныстырылды, деп хабарлайды Энергетика министрлігі. 2016 жылдың 1 қарашасында Қашағанда өндіру тәулігіне 75 мыңнан астам баррель мұнай коммерциялық деңгейге жетті. Қазіргі уақытта өндірудің деңгейін арттыру және оны тәулігіне 180 мың баррель деңгейінде тұрақтандыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін 1 млн.тонна мұнай және 680 млн.м3 газға жуық, 2017 жылы – 8,9 млн. тонна мұнай және 5,6 млрд. м3 газ өндіру жоспарлануда. Келесі жылдары жылына 13 млн.тонна мұнай және 9 млрд. м3 газға дейін өндіруді арттыру жоспарлануда. Қашағанды игерудің нәтижесінде әлемдік стандарттарға сай келетін отандық теңіз сервистік инфрақұрылымы салынды: - «Ерсай» (Құрық п.) және «Каспиан Оффшор Марин Констракшн» (Ақтау теңіз порты) ауыр тонналы металл құрастырылымын шығару бойынша зауыттар салынды; Баутин портында кеме жөндейтін зауыты салынды; - теңіз операцияларын қолдау базасы (Баутин порты), мұнай төгілуіне ден қою базасы және өзге де объектілер құрылды. Шлюмберже, Сименс, Энерджи Вуд Групп, Сайпем секілді халықаралық компаниялар өз білімдері, технологиялары және тәжірибелерімен кірген 70-ге жуық бірлескен компаниялар/ әріптестіктер құрылды. Қазіргі кезде Қашаған жобасында Қазақстан иелігіндегі үлесі 50%-дан астам 274 компания жұмыс жасайды. 180 аса қазақстандық компания оқудан өтіп, халықаралық стандарттар бойынша сертификатталды. Әлеуметтік жауапкершілік аясында Консорциум Маңғыстау және Атырау облыстарының әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына 500 млн. АҚШ долларынан астам қаражат бөлді. Осы жылдар ішінде төмендегілер салынды: - 49 білім мекемесі (мектептер, балабақшалар); - 30 медициналық мекеме (ауруханалар, емханалар, ауылдық дәрігерлік пунктілер); - 68 инфрақұрылым объектісі (қалалар мен ауылдарды газдандыру, жолдар салу); - 8 мәдени объекті (клубтар, мәдениет үйлері); - 12 спорт объектісі (стадиондар, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері).