07 Желтоқсан, 2016

Елбасы мұнайшыларды марапаттады

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атырау облысына барған сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің мұнай-газ өнеркәсібін дамытуға үлес қосқан бір топ мұнайшыны мемлекеттік наградалармен марапаттады. Мараптталушылардың арасында отандық және шетелдіктермен бірлескен кәсіпорындардың өкілдері бар. Атап айтқанда, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденіне Кенжебек Ибрашев, «Парасат» орденіне Жақып Марабаев, «Құрмет» орденіне Құрманғазы Есқазиев, Балтабай Қуанышев, Серік Нұрлан ие болды. Сонымен бірге, ІІІ дәрежелі «Достық» ордені НКОК консорциумының атқарушы директоры Бруно Жардэнге берілді. Бұлардан бөлек бір топ мұнайшы ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».