07 Желтоқсан, 2016

ЭКСПО-ның құлаған нысаны бойынша сараптама қорытындысы шықты

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
16 қараша күні С1 және С2 павильондарының арасындағы декоративтік конструкцияның құлағандығы белгілі. Құрылым тек декоративті болғандықтан, ешқандай функционалдық қызметті атқармады. Қосылған павильондарға ешқандай зиян келтірілмеген, деп хабарлайды "Астана "ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасының орынбасары В.Лютовтың басқаруымен арнайы комиссия құрылды. Комиссия бұзылу себебін анықтау үшін тәуелсіз сарапшы компаниялар «КазНИИСА» мен «КазМИР» тартылды. Бүгін біз сарапшылардың зерттеу нәтижелері белгілі болды. Олар құрылыс барысында пайдаланылған материалдардың анализін жасады, декоративтік конструкцияның құрылысы мен жобалық жұмыстар зерттелді. Нәтижесінде комиссия конструкцияның құлауына жобалық кемшіліктер себеп болды деген шешімге келді. Атап айтсақ, мәселе дәл осы декоративтік конструкцияның жобалауында қателер кеткен. Бұл тек осы құрылым конструкциясының жобалауында кеткен қателіктер. Жобалауды жүзеге асырған субмердігер компания – «ЭМК» ЖШС (директоры Вайнштейн М.М.) Көрме кешенін тапсырыс беруші қабылдап алмағандықтан декоративтік конструкцияның барлық шығынын мердігер компания - BI GROUP пен жобалаушы компания көтереді. Жалпы, көрме кешенінде мұндай 8 декаративті конструкция бар. 16 қараша күні болған оқиғадан кейін олардың барлығы мұқият тексерістен өтті. Құрылыс не жобалық ақаулар табылмады. Десе де, констуркцияларды күшейту бағытында қосымша жұмыстар жасау бойынша шешім қабылданды.