07 Желтоқсан, 2016

Ниязымбетов пен Левит алтынға пара-пар сыйақы алады

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
box Ұлттық олимпиада комитеті (ҰОК) Рио Олимпиадасының күміс жүлдегерлері Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетовке «алтынға» пара-пар сыйақыны табыстамақ, деп хабарлады ҚазАқпарат Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетовке «алтынға» берілетін олимпиадалық сыйақыны табыстау рәсімі Астанада 8 желтоқсанда өтеді. Біздің спортшылар асқан шеберлік, мойымас қайрат пен барша әлемге нағыз олимпиадалық рух таныта білді», - делінген ҚБФ хабарламасында. Рио-де-Жанейро Олимпиадасында Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетов күміс медальдар олжалаған. Алайда, 2016 жылы 26 тамызда Қазақстан Президенті Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетовтің еңбегін жоғары бағалап, оларға алтын медаль үшін берілетін сыйақыны беру туралы шешім жасады. Естеріңізге сала кетейік, 91 келі салмақ дәрежесі бойынша бокстан олимпиадалық турнирдің ақтық айқасында төрешілер жеңісті ресейлік Евгений Тищенкоға берген болатын.  Төрешілердің бұл шешіміне тек қазақстандық жанкүйерлер ғана емес, әлемнің бокс сүйер жанкүйерлерінің басым бөлігі, соның ішінде Ресейдің біраз жанкүйерлері наразылық танытқан болатын.