07 Желтоқсан, 2016

ҰОК туралы сурет байқауы қорытындыланады

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылдың 8 желтоқсанында, сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Ұлттық Олимпиада комитетінің 25-жылдығына арналған суретшілер арасында өткізілген байқаудың қорытындысы шығарылады. Байқау 7 ай бойы жалғасып, еліміздің кәсіби суретшілерінің 20 астам жұмыстарын жинады. Байқаудың шарты бойынша кескіндемеде Олимпизмнің идеологиясын айқындап, қазақстандық спорттың  25 жылда жеткен жетістіктерін көрсету қажет болды. Жалпы жүлде қоры - 10 млн теңге. Оның ішінде 1-ші орын үшін 5 млн, 2-ші орынға 3 млн, 3-ші орын 1 млн. тенге алады. Сарапшылар комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің  Бас хатшысы Данияр Абулгазин, Көркемдік сыншы Ардақ Юсупова, Қазақстанның суретшілер одағының Мүшесі Сейсенхан Махамбетов және Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев кірген. Әлемдік спорттық жетістіктер – бұл мемлекетті дүниежүзіне танытатын, халық арасында патриотизмді дамытатын факторлардың бірі болып табылады. Олимпиадалық жетістіктер адамдарды жігерлендіріп, жүректеріне мақтаныш сезімін ұялатады. Ұлттық туымыз көкке көтеріліп, мемлекеттік әнұран орындалған кезде Қазақстанның әр азаматы өз Отанымен және отандастарымен мақтанады.