07 Желтоқсан, 2016

Өзбекстан 27 елдің туристеріне визаны алып тастады

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2017 жылдың 1 сәуірінен бастап 15 елдің азаматтары мен 12 елдің жасы 55-тен асқан азаматтарына виза режимін алып тастайды, деп хабарлайды түріктің Haberler басылымы. Президенттің Қаулысына сай, 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап Өзбекстанға Аустралия, Аустрия, Британия, Германия, Дания, Испания, Италия, Канада, Люксембург, Нидерланды, Оңтүстік Корея, Сингапур, Финляндия, Швейцария мен Жапония азаматтары 30 күнге дейін визасыз кіре алады. Сонымен қатар, Бельгия, Индонезия, Қытай, Малайзия, АҚШ, Франция, Вьетнам, Израиль, Польша, Венгрия, Португалия мен Чехияның 55 жастан асқан азаматтары 30 күн бойы визасыз жүре алады. Өзбекстан президентінің Қаулысында электронды виза мәселесі де қарастырылған. Қаулыға сай, 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін Ташкент, Самарқанд, Бұқара мен Үргеніш қалаларының әуежайында "электронды дәліз" орнатылып, Туризмді дамытудың мемлекеттік комитеті құрылады. Қазіргі таңда Өзбекстанға жылына екі миллион турист барады.