07 Желтоқсан, 2016

Допинг дауына ауыр атлеттер көбірек ілінген

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
olimpiada Fox Sports телеарнасы допинг дауына байланысты 2008 және 2012 жылдарғы Олимпиада ойындарындағы жүлделерінен айырылған спортшылардың тізімін жариялады деп хабарлайды Sports.kz. Бұл тізімде 19 спортшысы допинг дауына іліккен Ресей көш бастап тұр. Одан кейінгі орында Қазақстан тұр. Халықаралық Олимапиада комитеті (ХОК) еліміздің 9 спортшысын медалінен айырған. Сондай-ақ 7 медалінен айырылған Беларусь – үшінші орында. Fоx Sports мәліметіне сәйкес, допингке әсіресе, ауыр атлеттер көбірек ілініпті. Олардың саны – 26. Одан кейін рұқсат етілмеген препараттарды қолданған 18 спортшы – жеңіл атлеттер мен 5-еуі балуандар. Олардың арасында 31-і әйелдер болса, 18-і ер адамдар. Айта кетейік, 2008 жылғы Олимпиада ойындарынан Илья Ильин (ауыр атлетика, алтын), Ирина Некрасова (ауыр атлетика, күміс), Таймураз Тигиев (еркін күрес, қола), Мария Грабовецкая (ауыр атлетика, қола) және Әсет Мәмбетов (грек-рим, қола) медальдарынан айырылды. Ал 2012 жылғы Олимпиада ойындарында Илья Ильин, Майя Манеза, Светлана Подобедова және Зүлфия Чиншанлоның (бәрі – ауыр атлетика) алтындары кері қайтарылды.