Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков ірі көлемді бірлескен «Орталық-2011» стратегиялық жаттығуы өтетін ауданға дыбыстан да жылдам қозғалатын жетілдірілген төрт қосу Су-27 жойғыш ұшағымен ұшып шықты. Бұл Батыста ашылған Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің жаңа авиация базасына жауынгерлік машинаның тұңғыш рет қанат қағуы. Авиабазаның басты міндеті – біздің еліміздің көктегі және теңіздегі шептерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Бұл ұшудың ерекшеліктерін сөз еткен кезде, оның дыбыстан да жылдам қозғалғанын, ал биіктігі он мың метрден жоғары болғанын атап өту қажет. Ұшақтар «жұптаса» ұшты, екінші қанатты машинамен Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Александр Сорокин ұшты.
– Өздеріңіз білесіздер, ертең «Орталық-2011» жаттығуының шешуші кезеңінде қазақстандық қарулы күштердің армиялық және майдандық әскери ұшқыштары мынандай Су-27 және басқа жауынгерлік машиналарға мініп құрлықтағы және теңіздегі жауынгерлерімізге қолдау көрсетіп, әуеден соққы беретін болады. Қазіргі кезде біздің Әскери-әуе күштері тек көп мақсаттағы Су-27 ұшағымен ғана емес, басқа да жетілдірілген заманауи ұшу аппараттарымен жабдықталған. Өздеріңіз көріп тұрғандай жаңа авиабаза ашылуда, техникалық-пайдалану бөлімдерімен, уақытымызға қажетті инфрақұрылым жасалуда. Екінші маңызды құрамдас бөлік бұл жауынгерлік әзірлік – ұшу құрамының шеберлігі мен үйретілгендігі. Бүгінде қазақстандық Әскери әуе күштерінің ұшу деңгейі ТМД елдері ішінде ең жоғары екендігін атап өтуге тиіспін, – деді Ә.Жақсыбеков.
Қорғаныс ведомствосының басшысы дыбыстан да жылдам ұшақпен алғашқы ұшу сапарын өзімен бірге жүзеге асырған қос экипаж мүшелеріне алғысын білдірді.
Көп мақсаттағы, жақсартылған, терең жетілдірілуден өткен Су-27 ұшағы алыс-жақын қашықтықта әуеде ұрыс жүргізуге, ұшатын және ұшқышсыз ұшатын әуе нысаналарын, жердегі нысандарды, жауды қару-жарағымен адамдарымен жойып жіберуге арналған.
Су-27 ұшағы ауа райының кез келген құбылмалы жағдайына қарамастан жауынгерлік тапсырманы орындауға қабілетті және оның әлемдегі ең тамаша ұшақ екендігі заңдылық.
Жүніс ОМАР, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің бөлім бастығы, полковник.
Суретті түсірген Ермек Сарбасов.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:01
Елорданың жетістіктері – ел дамуының көрсеткіші
Елорда • Бүгін, 08:55
Берік Уәли: Өңірдегі өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді
Аймақтар • Бүгін, 08:50
Қаржы секторына салық салу жайы қаралды
Саясат • Бүгін, 08:45
Географиялық білімге мән беру – өмір талабы
Білім • Бүгін, 08:40
Аймақтар • Бүгін, 08:35
Тұлға • Бүгін, 08:30
Бірегей археологиялық жәдігерлер көрмесі
Көрме • Бүгін, 08:28
Қоғам • Бүгін, 08:25
Ұлт тұтастығын айшықтайтын референдум
Референдум • Бүгін, 08:23
Тағзым • Бүгін, 08:20
Жауапкершілік жүктейтін сындарлы сәт
Пікір • Бүгін, 08:18
Асыл мұрамызды әлемге қалай танытамыз?
Руханият • Бүгін, 08:15
Онлайн марафон: Жаңа жобаның жай-жапсары түсіндірілді
Референдум • Бүгін, 08:13
Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!
Олимпиада • Бүгін, 08:10