23 Қыркүйек, 2011

Білім сапасына талап күшейеді

353 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Кеше Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Парламент Се­на­тының кезекті жалпы отырысы болып, онда төрт мәселе қа­ралды. Күн тәртібіндегі хаттамаларды ратификациялаудан өт­кізген депутаттар білім беру мәселесіне ерекше назар аударды. «Білім туралы» Заңға өзге­ріс­тер мен толықтыруларды қарас­ты­ратын заң жобасы бойынша баяндаманы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов жасады. Министрдің мәлімдеуін­ше, еліміз 2015 жылдан бастап кезең-кезеңімен 12 жылдық білім беру жүйесіне көшетін болады. Сондықтан да заң жобасында орта білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлініпті. Білім сапасын бақылау тетігінің болмауынан осы салада кемшіліктер көбейіп кет­кендігін алға тартқан Б.Жұ­ма­ғұ­лов дамыған елдерде (Финляндия, Норвегия, Жапония, Франция және тағы басқаларында) ба­­қылау орталық атқарушы ор­ган­ға жүктелгендігін ерекше ай­тып кетті. Осыған сәйкес об­лыстарда білім сапасын бақы­лау­дың верти­ка­лы құрылатыны белгілі болды. Оқулықтар мен оқу-әдісте­ме­лік құралдардың сапасына қой­ы­л­атын талаптар күшейіп отыр. Ендігі жерде бұл бағытта қатаң сынақ өткізіліп, мониторинг жа­са­лады деп күтілуде. Министр бейіндік мектептердің құқықтық мәртебесі анықталғандығын да тілге тиек ете кетті. Осы орайда педагогтардың мәртебесін көте­ру, олардың біліктілігін арттыру уақыт талабына айналғандығын айтқан жөн. Бұл үшін ваучерлік модульдік жүйе енгізіліпті. Енді ұстаздар біліктілігін арттыру үшін қалаған оқу орнын, тіпті шетелдік орталықтарды да таң­дау құқына ие. Мұғалімдердің әлеуметтік жа­ғы­нан қорғалуын күшейтетін бап­тар да заң жобасынан көрініс тап­қан. Оқушылардың біліміне сырт­тай бақылау енгізіліп, ол ком­пью­тер­лік тестілеу әдісімен жүзеге асы­рылады. Сырттай ба­ға­лау мектептер мен жоғары оқу орын­да­рын­да да қолға алын­бақ­шы. Жоға­ры оқу орындары алты санатқа бөлінетіні белгілі болып отыр. Енді ұлттық зерттеу университеті, ұлт­тық жоға­ры оқу орындары, зерт­теу университеттері, университеттер, академиялар және институттар болады. Заң жобасында мемлекеттік тап­сы­рыс бойынша оқыған ме­ди­­циналық және педагогикалық ма­­мандықтардың түлектеріне ерекше көңіл бөлінген. Оларды міндетті түрде жұмысқа орна­лас­­ты­ру қарастырылса, бұл – әлеу­мет­тік сала үшін өте маңыз­ды. Жоға­ры оқу орындарымен қауымдас­ты­рыл­ған профессор (доцент) атақ­та­рын беру құзіреті алынып тас­тал­ды. Бұдан былай осы ғылыми атақтар жаңа та­лаптарға сәйкес берілетін бола­ды. Білім беру ұй­ым­дарының ерекше мәр­те­бесі де назардан тыс қалмапты. Министр­дің пай­ы­мынша, бұл – әлемдегі үздік университеттерге тән ака­де­мия­­лық еркіндікке қол жеткізу үшін жасалған үлкен қадам. Заң жо­­ба­сына техникалық және кәсіп­тік білім беру мәсе­ле­сінде әлеу­мет­тік әріптестік және кооперативтік оқы­ту нормалары енгізілген. Әлеу­меттік көмек ала­тын азаматтар санаттарының нақ­ты тізбесі жа­салып, мемлекеттік сти­пен­дия­­ға құқығы бар білім алу­шы­лар­­дың санаттары да анық­талыпты. Министр осындай қысқаша баяндамасынан кейін депутат­тар­дың сауалдарына жауап берді. Оқу құнының қымбаттығы мен тестілеу тәсіліне қатысты сұ­рақ­тар көп қойылды. Сондай-ақ ауыл мектептерінің техни­калық базасының нашарлығы, мұғалім­дер біліктілігінің төмен­дігі көте­ріл­ді. Сенат Төрағасы Қайрат Мәми де өзі тарапынан бірқатар сұрақтар қойып, заң жобасының барынша сапалы шығуына мүд­де­лілік танытып отырды. Сөйтіп, заң жобасы Сенат енгізген өзге­рістерімен Мә­жіліске жіберілді. «Қазақстан Республикасы­ның кейбір заңнамалық актілеріне Құ­қық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңна­ма­ны одан әрі ізгілендіру мәсе­ле­лері бойын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Парламент Мәжі­лісіне жіберілді. Мә­жіліс мақұлдаған заң жобасына Сенат 70-тен астам өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.