2011 жылы 12 қыркүйекте Астана қаласында «Болашақ Энергиясы» және «EXPO-2017 көрмесіне қолдау көрсет! Елімізді қолда!» атты тақырыпта, ең үздік ұран және эссе жазуға Республикалық байқау жарияланды. Байқау Халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығына Астана қаласының өтінімін жылжыту және ілгерілету шеңберінде өткізілуде.
«Болашақ Энергиясы» байқауының мақсаты – баламалы энергия көздерін дамыту мәселесіне жастардың көңілін аудару, сонымен қатар елімізде EXPO-2017 көрмесін өткізу идеясын көпшілік арасында насихаттау.
Байқауға қазақстандық мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады (қажетті ақпарат www.expo2017astana.com сайтында көрсетілген).
Энергия – дүниежүзілік экономиканың көкейкесті мәселелерінің бірі. Соңғы кездері, баламалы энергия көздері әлемдік деңгейде талқыланып, ғаламдық маңызға ие болуда. Оның басты артықшылығы – сарқылмастығы мен экологиялық тазалығы. Атмосфераға үлкен көлемде зиянды газдардың бөлінуіне алып келетін мұнай және басқа да қорларды өңдеумен салыстырғанда, баламалы энергия көздерін пайдалану ғаламшардың энергетикалық қалпын өзгертпейді. Дәл осы қасиеттер, жаңартылған энергия көздерінің шетелде шалқып өркендеуінің және жақын онжылдықта оптимистік болжамның қалыптасуына ұйытқы болды.
Үстіміздегі жылдың маусым айында, еліміз Халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесін Астанада өткізу өтінімін ресми түрде ұсынды.
Көрме тақырыбы – «Болашақ энергиясы» – өзекті де маңызды екені рас. Біз, жас және қарқынды дамушы, сонымен қатар пайдалы қазбаларға бай мемлекет ретінде баламалы энергия көздерін болашақ ұрпақ үшін дамытудамыз. Елімізде ЕХРО-2017 көрмесін өткізу идеясын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған еді.
Осынау жоғары деңгейдегі көрме ең үздік әлемдік энергия сақтау технологияларын, күн, жел, теңіз, мұхит және жылы сулар энергиясы сияқты бұрыннан бар баламалы энергия көздерін қолдану өрісіндегі жаңа жетістіктерді кеңінен танытуға мүмкіндік береді...
Аталмыш бастама, Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастық алдындағы беделін арттырып қана қоймай, елімізді жаңа даму деңгейіне көтереді. Әрбір қазақстандық EXPO-2017 Халықаралық көрмесінің өткізілуіне қатысты болады. Бұл ауқымды да әйгілі ұлттық жобаға айналатыны сөзсіз!
Еліміздің табиғи қорларға бай болғанына қарамастан, баламалы энергия көздерін дамыту басым бағыттардың біріне жатады. Қазақстандық жаңартылатын жел, күн, энергия мүмкіндіктері шексіз. Жақын болашақта баламалы энергия көздері еліміздің экологиялық таза қаржы көзіне айналуы әбден мүмкін.
Энергия – болашаққа барар жол.
Болашақ энергиясына жалғыз ғана баламалы энергия саласындағы алдыңғы қатарлы технологиялар жатпайды, болашақ энергиясы – бұл жеткіншектердің жасампаз ойлары. Әркезде де ілгерілеу қозғалтқышы жастар болды және бола да береді.
Байқауды ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің айтуына қарағанда, осы байқау жаңа идеяларды тартудың жақсы мүмкіндігі болып табылады. Жас ұрпақтың болашақ энергиясы туралы пікірлері қызықтырады. Сонымен қатар жастардың Ел болашағын қалыптастырушы азаматтар ретінде, ХХІ ғасырдағы баламалы энергияның даму бағытын қалай түсінетіні және олардың аталған саладағы Қазақстанның келешегі туралы ойларын білсек деген ой бар.
Байқауға қатысушыларға ұран ойлап тауып, «Болашақ Энергиясы» тақырыбына Эссе жазу ұсынылады. Қиялдауға шектеу қойылмайды. Жалғыз шектеу – ол жас шамасы: байқауға Қазақстан Республикасының 15 пен 25 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында байқау қорытындысы шағарылады, Астанада баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар тарту етілетін болады. Жүлдегер басқа қалада тұратын жағдайда, оның елордаға келуін және осында тұруын ұйымдастырушылар қамтамасыз етеді. Дауыс беру нәтижесінде 20 жұмыс таңдалып, сыйлықтармен марапатталады және сол жұмыстар www.expo2017astana.com сайтында жарық көреді. Бірінші орынға ие болған адамды нетбук күтуде.
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы және әділқазылар алқасының мүшесі Айдар Қазыбаевтың айтуы бойынша, «Болашақ Энергиясы» және «EXPO-2017 көрмесіне қолдау көрсет! Елімізді қолда!» атты байқаудан біз жастардың жаңашылдық пен жасампаздық ізденісі және креативті ойлары күтіледі. «Болашақ Энергиясы» тақырыбы бүкіл адамзатқа ортақ болып, энергияның жетіспеушілігі мен ғаламдық мәселелердің шешілуіне ықпал ететіндігіне толық сенімдеміз.
«Қазақстанның энергетикалық саясатын қалыптастыруға жастар белсене қатысады деген үміттеміз», – деп атап өтті әділқазылар алқасының мүшесі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Энергетиканы дамыту және көмір өнеркәсібі департаментінің бастығы Владимир Клякин. Ең үздік ұран мен эссе сайысы энергия сақтау саласындағы инновациялық жобалардың іске асуына түрткі болады. Ал қазіргі заманғы озық ойлар, энергияны тұрақты пайдалануға көшудің жолын ашады».
Ұйымдастырушылар жасампаз жастарды сайысқа белсенді қатысуға, Қазақстан Республикасы Президентінің EXPO-2017 көрмесін өткізу бастамасы мен елімізді қолдауға және баламалы энергия көздерінің дамуына өз үлестерін қосуға шақырады.
Қазақстан, Астана, Жастар – біз болашақ энергиясы!