24 Қыркүйек, 2011

Польша елшісімен кездесті

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Уәлихан Қалижанов Польша Респуб­ли­ка­сының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Яцек Ключковскимен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Депутат елшімен екеуінің әріптес екендігін айтып, кезінде «Егемен Қазақстан» газетінде бас редактор болып жүргенінде Польшада болып, Президент Квасьневскиден сұхбат алу мүмкіндігіне ие болғанын еске алды. Енді елші болып келген әріптесінің екі ел арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне сенім білдірді. Елші өз кезегінде өзінің парламенттік іс-тәжірибесі барын, бірнеше жыл Польшаның Парламентінде аппарат басқар­ға­нын, ендігі негізгі жұмысы Поль­ша мен Қазақстан арасын­дағы байланыстарды жан­дан­дыру деп білетінін мәлімдеді. Бүгінге дейінгі экономикалық қарым-қатынастардың өркен­деп, өткен жылғы екі ел ара­сын­дағы тауар айналымы 1 миллиард 600 миллион АҚШ дол­лары­на жетіп отырғанын ха­барлады. Кездесуде Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы қа­рым-қатынасты орнықтыруға байланысты «Еуропаға жол» бағдарламасын жүзеге асыру мен ЕҚЫҰ-ға төрағалық кезінде де Польшаның қазақстандық саясатты қолдағаны айтылды. Сондай-ақ, жүздесуде 9 қазанда өтетін Польшадағы парламенттік сайлауды ойдағыдай өткізу жайында да әңгіме болды.