24 Қыркүйек, 2011

Жұмыс тобының отырысы өтті

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік коми­те­ті­нің төрағасы Әмзебек Жолшыбеков алдағы аптада өтетін халықаралық ғылыми-тә­жі­рибелік конференцияның дайындығы жө­нінде жұмыс тобының отырысын өткізді. Отырыста аталған комитет­тің хатшысы Виктор Рогалев қандай іс-шаралар атқарылып жатқанын баяндап берді. Мә­жі­ліс Аппаратының салалық бө­лім­деріне конференцияны ұй­ым­дастыруға қатысты бірқатар міндеттер жүктелді. Қазақстан Парламентінің ұй­ымдастыруымен 29 қыркүйекте болатын «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан: Тәуелсіздікке 20 жыл» атты халықаралық ғы­лы­ми-тәжірибелік конференцияға шетелден бірқатар парламентшілер, ғалымдар мен са­рап­шылар шақырылған. «Қазақстан мемлекетінің 20 жылдағы өркендеу жолы, қол жеткізген табыстары жария етілетін алқалы басқосуды жоғары деңгейде өткізу – баршамыздың абыройлы міндетіміз», – деді Әмзебек Жолшыбеков, деп ха­барлады осы палатаның бас­па­сөз қызметі.