Мәжіліс депутаттары Серік Темірболатов, Светлана Ферхо және Дауылбай Құсайынов Венгрия Республикасынан келген делегациямен жүздесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Мәжіліс депутаты, «Венгрия-Қазақстан» ынтымақтастығы тобының жетекшісі С.Темірболатов меймандарға мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымы, Парламенттің құрылымы туралы айтып өтті. Ол қос мемлекет арасында достық байланыс орнағанын, соның нәтижесінде сауда-экономикалық қарым-қатынас өріс алып келе жатқанын жеткізді. Аграрлық саламен айналысатын екі ел үшін де ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі өте маңызды.
Венгрия Ауыл шаруашылығы және аймақтарды дамыту министрі, «Венгрия-Қазақстан» ынтымақтастығы тобының жетекшісі Др.Шандор Фазекаш өз елінің тәжірибелерімен бөлісті.
Тараптар сұхбат барысында мәдени-гуманитарлық сала бойынша байланыс жасау жайын да сөз етті. Сондай-ақ Еуропа төріне барып қоныс тепкен қыпшақтар жайлы, олардың салт-дәстүрі жөнінде де әңгіме өрбіді. Мейман парламентшілерді өз еліне, оның ішінде қыпшақтардың ұрпағы тұратын аудандарды келіп көруге шақырды. Мәжіліс депутаттары бұл шақыруға ризашылықтарын білдірді.
Кездесуге Венгрия Ауыл шаруашылығы және аймақтарды дамыту министрінің орынбасары – осы елдің Мемлекеттік хатшысы Имре Фаркаш, сондай-ақ Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Имре Ласлоцки қатысты.
Суретті түсірген Сайлыбай МАЙЛЫБАЕВ.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше