Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінде Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбайдың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай дипломатиялық терминдер сөздігінің шығуына арналған дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, Қазақ-британ университетінің сарапшылары қатысты.
Тіл сараптамасын А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты терминология бөлімінің жетекші ғалым-лингвистері, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің теория және практикалық аударма кафедрасы мен Қазақ-британ университетінің ағылшын тілі кафедрасының мамандары жүзеге асырды.
Кәсіби сөздік кең аудиторияға арналған және республиканың қоғамдық-саяси өмірінің барлық саласында, сондай-ақ келешек дипломат мамандарды оқытып шығаратын жоғары оқу орындарында кеңінен колданылады, деп хабарлады СІМ-нің алматы қаласындағы өкілдігі.