25 Мамыр, 2017

«Ұлттық әскер құруда парасаттылыққа басымдық берілді»

340 рет
көрсетілді
16 мин
оқу үшін

– деген еді Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов.

«Ұлттық әскер құруда  парасаттылыққа басымдық берілді»

Қазақстан Қарулы Күштерінің ширек ғасырлық шежіресінде оның қалыптасу кезеңінің бастауында тұрған – бірінші Халық Қаһарманы, Кеңестер Одағының Батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің жанқиярлық еңбегінің үлесі өлшеусіз. Марқұм Сағадат Нұрмағамбетов өмірінің соңғы кезеңінде (2013 жылдың басында) әскери журналист Сапарғали Жағыпаровқа қазіргі таңда өңірдегі қуатты да іргелі әскердің бірінен саналатын Қазақстан Қарулы Күштерін құру барысындағы қиындықтарды тілге тиек еткен екен. Бүгін біз тарихи тұлғаның дәуір шындығын боямасыз баяндаған сол салиқалы әңгімесін оқырман назарына ұсынамыз. 

–  Жылдар керуені тоқтаусыз жылжиды, ұрпақтар алмасады – бұл өмір заңдылығы. Дей тұрсақ та, бүгінде жауынгерлік сапта жүрген жастардың және бо­лашақ ел қорғау сақшы­ла­ры­ның қазақстандық армия­ны құру кезеңінде қандай аху­ал
қалыптасқанын, осы бір сындарлы жолда қандай қи­ын­дықтар болғанын білгісі ке­леді. 
– Қазақстан Қарулы Күштері, Қор­ғаныс министрлігі бірден оп-оңай өмірге келе қалған жоқ, Қа­зақ­с­тан тәуелсіздік алған тарихи ке­зеңде – біздің тарихымыздың сын­дарлы белесінде үлкен жау­ап­-
кершілікпен құрылды. «Еге­мен­ді Қазақстанның алғашқы қа­лыптасу кезеңінен бастап ұлттық қау­іпсіздікті қамтамасыз ету мем­лекеттің бірінші басымдығы болып табылады. Оның ма­ңыз­ды құрамдас бөлігі әскери қау­іп-
сіздік болса, өз кезегінде оны Қарулы Күштердің құрылуы мен қалыптасуынсыз елестету мүм­кін емес», – деп атап көрсетті Мем­­лекет басшысы Нұрсұлтан На­зарбаев. Бұл міндетті шешудің ал­­ғашқы қадамы егеменді мем­ле­кет үшін еліміздің мем­ле­кет­тігінің тәуелсіздігі ту­ра­лы Конституциялық Заң қа­был­­дау болды. Онда «Қаза­қ­­стан Республикасы өзі­нің тәуе­л­сіз­дігін және терри­тория­лық бір­тұтастығын қорғау мақ­са­тында жеке Қарулы Күштерін құ­­руға құқығы бар», – деп атап көрсетілген. Кешегі Кеңестер Одағының құрамынан шыққан барлық жаңа тәуелсіз мемлекеттер де бұл кезеңде өздерінің жеке әскерлерін құруға кіріскен болатын. 
Қазақстан тарихтың осы бір өліара кезеңінде бұл мәсе­ле­ге өте жауапкершілікпен қа­ра­ды. Өзінің әскери саясатын бел­­гілеуде еліміз орнықты да бай­салды көзқарас ұстанды. Ел­басының басшылығымен біз­дің еліміз бірыңғай қорғаныс ке­ңістігін сақтау және ТМД-ның Біріккен Қарулы күштерін құру жөніндегі идеяны қолдады. Бұл өз кезегінде Қазақстан Рес­пуб­ликасының ұлттық қау­іп­сіз­дігін сенімді қорғауға, сонымен бірге, бұрынғы бауырлас рес­­публикалардың ұжымдық қау­­іпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан бас­шы­­лығының осындай парасатты көз­қарасы әскерилер арасында ғана емес, сонымен бірге, қалың бұ­қараның қызу қолдауына ие болды. Сол бір шешуші мәселелер басымдық алған тарихи күндерде бұл зор жауапкершілік міндетті Қазақстанның Азаматтық қор­ға­ныс штабы мен әскери ко­ми­сса­риатының базасында құ­рыл­ған Мемлекеттік қорғаныс ко­митеті (МҚК) абыроймен жү­зеге асырды. Бұл ретте айта кете­тін бір мәселе, МҚК идеясын құруда қорғаныс одағының ір­гесін шайқалтып, бірыңғай қор­ғаныс кеңістігін жоюға ба­ғыт­талған үрдістер мен шараларды тоқтатуға күш салынды. Мен МҚК-ның төрағасы ретінде ТМД елдерінде болып жатқан оқи­ғаларды саралай келіп және ал­дағы болатын өзгерістерге ал­дын ала болжау жасап, 1992 жылғы қаңтар айының ба­сын­да республикамыздың бас­шы­лы­ғына жоғарыда айтылған мә­се­лелерге байланысты кеңейтілген анықтама бердім. Осыдан кейін Мем­лекет басшысы Қорғаныс ке­ңе­сінің кезекті отырысында Минск қаласында өткен кезде­суде ТМД мемлекеттерінің көп­те­ген басшылары арасын­да бол­ған келісімге байланыс­ты әс­ке­ри мәселелер бойын­ша Тұ­жы­рым­дама қабылдауға тапсырма бер­ді. Сонымен бірге, Қазақстан Рес­публикасының аумағындағы әс­кери бөлімшелердің, әскери тех­никалардың, қарулардың, мүлік­тер­дің және ғылыми техникалық қару-жарақ полигондарының, әс­кери зауыттардағы өндірістік жаб­дықтардың инвентариза­ция­сын жүргізу туралы ше­шім қабылданды. Міне, осы бір ұшан-теңіз жұмыс сол ке­зеңде аз ғана құрамда жұ­мыс істеген Мемлекеттік қор­ға­­ныс ко­митетінің мойнына жүк­­тел­ді. Жағдай өте жылдам өз­ге­ріп жатқан бұл кезеңнің жау­ап­кер­шілігі де аса жоғары бо­ла­тын. Уа­қыт та шектеулі еді. Ал сол бір шақта біздің рес­публ­и­ка­­мыз­­дың аумағында әр­түр­лі әс­ке­­­ри құрамаларға жататын ірі-ірі әс­кери бөлімшелер орналасқан бо­латын. Атап айтқанда, бірінші раз­рядты әскери округтің бө­лім­шелері және әскери құ­ра­ма­лары, стратегиялық күш – Жер шарының кез келген нүк­те­сі­не ұшу аппараттарын жедел жет­кі­зетін заманауи стра­те­гиялық ра­кеталарының екі диви­зия­сы, стратегиялық бомбардиро­в­щиктер дивизиясы, ғарыштық ор­та­лыққа бағынатын әскер, бар­лау бөлімшелері, әскери құ­ры­лыс отрядтары және басқа да құ­рамдар жұмыс істеп тұрған еді. Сонымен бірге, еліміздің ау­мағында әртүрлі сынақ орта­лықтары мен полигондары да баршылық. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында сол бір кезеңде 200 мыңнан астам әскерилер жұмыс істейтін еді. Қорыта айтқанда, сол бір кезеңде біздің еліміздің ау­мағы өте қауіпті аймақ болып табылды. Стратегиялық ра­­кеталармен жұмыс барысында қандай да бір байқаусызда жі­берілген ағаттық Чернобыль атом электр стансасында болған апат­тан да зор залалға соқтыруы әб­ден мүмкін еді. Жас егемен еліміз басшылығының жүргізген сара саясатының арқасында біз еліміздің әскери құрылысы Тұ­жы­рымының жобасын ғана жасап қойған жоқпыз, сонымен бір­ге, Қазақстан территориясында орналасқан қымбат бағалы жаб­­дықтар мен мүліктердің еш­бір тоқтаусыз көшірілуіне де мүмкіндік жасадық. 
– Осы ахуалдан анық бай­қа­лып отырғандай сол кезеңде ж­е­ке армиясын құру туралы то­лық шешім қабылдау мем­ле­кетіміздің басшылығына да оңай болмаған сияқты ғой?
– Дәл солай, алда тұрған мін­дет ауқымды да жауап­ты еді. Бірінші кезекте ол Қару­лы Күштердің Жоғары Бас қол­бас­­шысы үшін жауапкершілігі зор жаңа міндет еді. Сол күнге дей­ін біздің елімізде әскери құ­рылыс тәжірибесі жоқ болатын. Сондықтан біздің еліміздің Қ­а­рулы Күштерінің құрылуы Нұрсұлтан Назарбаевтың есі­мі­­мен тікелей байланысты. Ел­ба­с­ының тікелей басшылығы мен зор ұйымдастырушылық қа­білетінің арқасында сол кез­дегі қалыптасқан күрделі жағ­дай­ларға қарамастан жеке армия­мызды құру үшін жан-жақты мүм­кіндіктер жасалды. Қазақстан Рес­публикасының тәуелсіздігін, территориялық біртұтастығын және болашақ дамуын қорғайтын жеке Қарулы Күштерін құру Елбасының көрегендігі мен са­ра саясатының арқасында ой­да­­­ғы­дай жүзеге асырылды. Же­ке әскер құру мәселесі са­ли­қа­лы көзқарас пен парасатты біл­гір­лікті қажет ететін еді. Сол кез­дегі қалыптасқан жағдайдың өзі: «Қандай армия қажет? Оның бо­лашағы қандай болмақ? Ұй­ым-
­­дастырушылық құрылымы қан­­дай болуға тиіс? Қажетті кә­сі­би әскери кадрларды қайдан алу керек? Біздің стратегиялық одақ­тарымыз кім? Ядролық қа­ру-жарақпен жабдықталған стра­те­гиялық күшті қайту керек?».
Сонымен бірге, еліміздің ау­мағында орналасқан әскери бөлі­м-
­шелердің Қазақстан юрис­ди­кция­сына берілуіне байланысты қару-жарақты әскери техникаларды материалдық жабдықтарды сақтауды қалай қамтамасыз ету керектігі туралы міндет өт­кір күн тәртібіне қойылды. Ст­ра­­тегиялық бағыттағы әскери күш­­тер өте баса назар аударуды қа­жет етті. Сонымен бірге, нақ сол тұста әскери бөлімшелердің жау­ынгерлік дайындығын әл­сіретуге де болмайтын еді. Одақ­­тың ыдырауына байланыс­ты орталықтандырылған қам­та­ма­сыз ету жүйесінің жой­ы­лу­ы­-
на байланысты әскерді қар­­­жы­­ландыруды, материалдық тех­­­­­­никалық және медициналық ж­а­­ғынан жабдықтауды қайтадан ұй­ымдастыруға тура келді. 
Міне, нақ осындай күрделі де шешуші кезеңде Мемлекет басшысы өзінің жұмысбастылығына қарамастан әскери бөлімшелердің жағдайымен жүйелі танысумен қатар, Қорғаныс министрлігінің басшылығымен бірге бірнеше рет шалғайда орналасқан гарнизондарды аралап, офицерлермен, сержанттармен, солдаттармен жә­не әске­ри қызметкерлердің от­басылары­мен, тұрғындармен жиі кездесулер өткізіп, жан-жақ­ты түсінік жұ­мыс­та­рын жүр­гі­зетін. Сонымен бірге, әс­ке­ри бө­­лім­шелерде ұйым­дас­ты­ры­ла­тын оқу-жаттығу ойындарымен та­­нысатын. 
Еліміздің Қарулы Күштерінің қалыптасу кезеңіндегі бай тарихи оқиғаларды санада жаң­ғырта отырып, мен 1992 жыл­дың 8 желтоқсан күнін ерекше еске аламын. Бұл біздің тәу­ел­сіз әскеріміздің қалыптасу ше­жіресіндегі аса бір маңызды сәт еді. Дәл сол  күні өткен Қазақстан Ре­с­публикасы Қарулы Күш­те­рі басшылығының жиынында Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет Қарулы Күштердің Жоғары Бас қолбас­шы­сы ретінде бірінші рет сөз сөй­леп, тәуелсіз еліміздің тәу­ел­-
сіз армиясының даму бағ­дар­ламасын нақты және толымды түрде айқындап берген еді. Ел­басының осы тарихи сөзінде еліміздің Қарулы Күштерінің саны жағынан ықшам, ұшқыр, жан-жақты дайындықтан өткен білікті және бүгінгі заманның талаптарына толық жауап беретін сипаттамасы айқындалған болатын. 
– Өзіңізге белгілі, сол бір сын­дарлы күндерде әскери кад­р­лар мәселесі де өткір бо­ла­тын. Бұл мәселе қалай ше­ші­л­ді? 
– Қорғаныс министрлігінің басшылығы үшін бұл мәселе бойынша өте шұғыл шешімдер қабылдауға тура келді. Себе­бі, сол кезеңде полктарға, бата­льон­дарға басшылық жасайтын командирлер болмады. Қазақ­стан­­дық Қарулы Күштердің қа­лып­тасу кезеңінде біз бұл кадр мә­селесіндегі келеңсіздіктерді жой­дық. Алматыдағы Жалпы әс­кери жоғары командалық учи­лищеде 4 мамандық бойын­ша офицерлер дайындауға кіріс­тік. Өте қысқа мерзімде қа­жетті оқу-материалдық база қа­лып­тас­тырылып, 11 әскери мамандық бо­й­ынша курсанттарды оқыта ба­с­тадық. Ақтөбедегі Азаматтық авиация институтының базасында тәуелсіз Қазақстанның әскери ұшқыштарын дайындауға кірістік. Уақыт өте келе елімізде жоғары білікті әскери мамандар даярлайтын бірқатар іргелі оқу орындары қалыптасты. Бүгінде Құрлықтағы әскердің әскери институты, Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты, Бай­ланыс және радиоэлектроника әскери институты сияқты іргелі оқу орындары әскеріміз үшін жоғары білімді кадрлар даяр­лауда. Әскери институттар­мен бірге қазір елімізде Ұлт­тық қорғаныс университеті, Ш.Уәлиханов атындағы кадет кор­пусы жұмыс істейді. 
Өзіміздің Қарулы Күш­те­­рімізді құрудың алғаш­қы күн­дерінде біз әскери бө­лім­ше­лер­дегі жетіспейтін кіші офицер­лер құ­рамын 3 айдан 9 ай мерзімге дей­ін оқытатын кіші лейтенанттар даярлайтын курстардың тү­лектерімен толтырдық. Мұндай курс­тар Ұлы Отан соғысының отты жылдарында жұмыс істеп, өзінің тиісті нәтижесін бергендігі белгілі. Сонымен бірге, бұл әдіс өт­кен ғасырдың 60-шы жылдарында Кеңестер Одағының Қорғаныс Күштерін кадрлармен толықтыру кезеңінде де тиіс­ті жемісін берген болатын. Қазақстан Республикасының Қор­ғаныс министрлігі тарихтағы осы тәжірибелерден сабақ ала отырып, бұл қысқа мерзімді курс­тарға кандидаттар іріктеу мә­селесіне аса ыждағаттылықпен қа­рады. Қысқа мерзімді курс­тарға әскер қатарында тә­жі­ри­бе жи­наған прапорщиктер мен сержанттарды арнайы жол­д­ама­мен жіберіп отырды. Олар жау­ынгерлік сапта ал­ған тә­жі­ри­белерін теориямен ұш­тас­ты­ра отырып, жоғары бі­лік­ті­лікке қол жеткізді. Міне, шұ­ғыл қолға алын­ған осындай қа­дам­дар­дың нәтижесінде әс­кери бө­лім­шелерді қажетті жас кадр­лар­­мен қамтамасыз етуге жағдай жа­­салды. 
Тағы бір ерекше айта кете­тін мәселе, жеке Қарулы Күш­те­рі­міз­ді құрудың алғашқы кезеңінде мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық базасының негізін қалауға басымдық берілді. А­л­ғашқы кезеңде әскери құрылысты қалыптастырудың бағытын анық­тауда, әскери саясаттың негізгі мазмұнын айқындауда 1993 жылы қабылданған Әскери доктрина негізге алынды. Егеменді мемлекеттің алғашқы қалыптасу ке­зеңіндегі әскери құрылыста, әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуде басқа да заңдылық және нормативтік актілермен бірге ол өте шешуші рөл атқарды. 
– Армияның қалыптасуы бір орында тұрмайтындығы, оның даму, жаңғыру үрдістері жалғасатындығы, жаңа кадр­лармен толығатындығы бел­гілі. Осыған байланысты Қа­ру­лы Күштердің бүгінгі жағ­дайы хақында қысқаша айтып өтсеңіз?
– Осы ретте ерекше атап көр­сететін бір мәселе, біздің елі­міз тарихи қысқа мерзімнің ішінде экономикалық даму үшін қарқынды бағыт алып қа­на қойған жоқ, сонымен бірге, өңір­дегі барынша тұрақты және ең қауіпсіз мемлекетке айналды. Бұл тұрақтылық алғашқы күн­нен бастап басты тұлға – Пре­зидент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төңірегінде топ­тасқан берік мемлекеттік билік­тің арқасында жүзеге асып ке­леді. Мемлекет басшысы қабыл­да­ған осы бір нақты және өмір сына­ғынан өткен сындарлы сая­с­ат экономикалық және сая-
си тұрақтылықты қамта­ма­сыз ету­де бүгінгі күні де жұмыс іс­теп тұр және жұмыс істей бе­р­мек. Президентіміздің «Қазақ­стан-2050» Стратегия­лық Жол­дауы әрбір қазақстандық үшін әсіресе жастар үшін жә­не жалпы еліміз үшін тұрақ­ты­лық­тың, ұлтаралық келісімнің әле­у­меттік қорғаудың және алға дамудың кепілі болып табылады. Оған ешқандай да күмән болмаса керек. Сонымен бірге, бүгінде Қазақстан әлемдегі ең жоғары халықаралық беделге ие болып отыр. Біздің еліміздің әлемдегі ең беделді ұйым – ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі оның айқын дәлелі болып табылады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы әлемдегі барлық халықтардың қауіпсіздігі мен гүлденуіне бағытталған. Біз бейбітшіліктің қадірін барынша бағалаймыз, себебі ол сонау бір Ұлы Отан соғысының сұрапыл күндерінде шыныққан. Не айтатыны бар, өңірлердегі ахуалдарды ушықтыратын факторлар бүгінде де орын алуда. Өмір бір орында тұрмайды. Әлемдегі ахуал
оның ішінде әскери-саяси ахуал өзгеруде. Осыған байланысты ұлттық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық міндеттер де өз­ге­ріске ұшырап отырады. Соған бай­ланысты қарулы күрес­тің тәсілдері де түбегейлі өзгеріс­тер­ге ұшырайды. Осындай жағд­ай­да Қазақстан өзінің әскери ұй­ым­дарын жаңа жағдайларға бей­ім-
дейді, бұл өз кезегінде жаңа Әс­кери доктринаны қабылдауды талап етті. Бүгінде Қазақстан әлем­дік тәжірибелерге сүйене оты­рып, әлемдік стандарттарға сай жинақы, ұшқыр, білікті армия қалыптастыруда жүйелі жұ­мыс жүргізуде. Сол үшін Қор­ғаныс министрлігі ең үздік әлем­дік стандарттарға сәйкес әс­кери жо­балау және басқару жүй­есін жаңғырту бойынша жан-жақ­ты жұмыстар жүргізіп келеді. Осыған байланысты, әскердің жау­ынгерлік дайындығына, оның сапасына, қару-жарақ пен тех­никаның жауынгерлік және тех­никалық мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануға басымдық беріледі.

Бетті әзірлеген
Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»