Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды Қазгидромет. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с болады.
Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, обылыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күшейеді.
Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының түнде кей жерлерінде 3 градус үсік күтіледі.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.