«Жасыл энергетика» саласындағы алғашқы пилоттық жоба Маңғыстау ауданының Шетпе селосында орналаспақ. 2018 жылдың алғашқы тоқсанында қолданысқа беріледі делінген жобаны жүзеге асыру барысында 70-80 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылады, ал жоба іске қосылған кезде стансада жұмыс жасау үшін 50 маңғыстаулық тұрғынды арнайы оқыту көзделуде. Жобаға Қазақстан, Франция және қытай елдері атсалысады.
«Француздық компания технологиялық жағына жауап берсе, қытайлықтар құрылыс пен инвестициға қатысады. Жобаның бірінші кезеңін салу 20 млн. доллар деп бағалануда. Күн электр стансасы үшін Маңғыстау өңірі тектен-текке таңдалып отырған жоқ. Біріншіден, аймақ белсенді дамуда, екіншіден, мұнда күн сәулесі мол. Қыста қар қалың болмайды. Бұл -даму болашағы зор, әрі қажетті пилоттық жоба», – деді француздық «ЕСМ Technologies» компаниясы президентінің кеңесшісі Азат Бетекбаев.
Гүлайым Шынтемірқызы,
«Егемен Қазақстан».
АҚТАУ.
Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы мен франциялық «ЕСМ Technologies» компаниясы 12 МВт күн стансасының құрылысы бойынша Хаттамаға қол қойды.
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 16:25
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Бүгін, 15:47
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 14:42
Алаш қозғалысы: 12 том құжаттар мен материалдар жинағы толық жарық көрді
Руханият • Бүгін, 14:03
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Бүгін, 13:32