Аймақтар • 25 Мамыр, 2017

Таразда ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған жарыс өтті

128 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшілер күніне арналған жергілікті мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиадасы өтті.

Таразда ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған жарыс өтті

Мемлекеттiк басқару органдары қызметкерлерi арасында бұқаралық спортты дамыта отырып, оларды дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде айналысуға тарту, саламатты өмiр салтын насихаттау және қызметкерлер арасында спорт арқылы достық қатынасты орнату мақсатында ұйымдастырылған спартакиадада мемлекеттік басқару органдарының қызметшілері спорттың 10 түрі бойынша сынға түсті. 
Мемлекеттік қызметшілер шағын футбол, үстел теннисі, жүзу, армрестлинг, гір тасын көтеру, шахмат, тоғызқұмалақ, ұзындыққа секіру, кермеге тартылу және жеңіл атлетика бойынша өнер көрсетіп, өзара бақ сынасты. 
Спартакиадаға Тараз қаласы мен аудандар әкімдігінің, сонымен қатар облыстық басқармалар мен департаменттердің құрама командаларынан жасақталған 578 мемлекеттік қызметші қатысты. 
Жалпыкомандалық нәтиже бойынша, Тараз қаласы әкімдігінің құрама командасы 4 алтын, 4 күміс медальға қол жеткізіп, бірінші орынды жеңіп алды. Ал Талас ауданы әкімдігінің құрама командасы 4 алтын, 3 қола медальді қанжығасына байлап, екінші орынды еншілесе, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің құрама командасы 3 алтын, 1 күміс медальді иеленіп, үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, облыстық спартакиаданы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыс бойынша департаменті, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметтері кәсіподағының облыс бойынша филиалы ұйымдастырды. 
Хамит Есаман, 
«Егемен Қазақстан». 
Жамбыл облысы 

Соңғы жаңалықтар

Жолашар тың бағыттар

Пікір • Бүгін, 09:55

Екібастұздағы алып мұржа

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Суперкомпьютердің мүмкіндігі мол

Технология • Бүгін, 09:35

Қателіктің алдын алады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30