Сапарының алғашқы күні ол «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлермен кездесті, «Адал ұрпақ» патриоттар клубының слетіне қатысты. Агенттіктің Этика жөніндегі кеңесін өткізді, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында болды.
Сонымен қатар, А.Шпекбаев А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде облыстағы жоғары оқу орындарының басшыларымен, студент жастармен кездесті. Ол елімізде қоғамдық кеселге қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
«Сыбайлас жемқорлықтың тамырын жоюда негізінен оның алдын алу шараларына көңіл бөлінеді. Қоғамдағы жұлынқұрт секілді бұл дертке қарсы күресті дәрігерлер жұмысымен салыстыруға болады. Дәрігерлер аурудың қауіпі, оның алдын алу, ауырмау туралы алдымен адамдарға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, ал ауырса дәрі береді, емдейді, оған көнбесе операция жасап, сылып алып тастауға тура келеді. Сыбайлас жемқорлық қоғамды іштей ірітетін, экономикалық-әлеуметтік дамуды тежейтін кесел екенін адамдарға түсіндіреміз. Заң, ереже бұзғандарды ескертеміз, жөндейміз, оған көнбегендердің ісі сотта қаралып, жазасын алады» – деді А.Шпекбаев.
Агенттік төрағасының орынбасары қоғамда жастардың сыбайлас жемқорлыққа төзбеу, оған қарсы көзқарсын қалыптастыру керектігін айтты. Ол үшін білім ордаларындағы жастармен жұмыстар, ең алдымен отбасындағы тәрбие үлкен орын алатындығын тілге тиек етті. Кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
А.Шпекбаев екі күн бойы шаруашылықтарда, қалалық, аудандық әкімдіктерде, халыққа қызмет көрсету орталығында болады.
Нәзира Жәрімбетова,
«Егемен Қазақстан».
ҚОСТАНАЙ
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев Қостанай облысына сапармен келді.
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 16:25
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Бүгін, 15:47
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 14:42
Алаш қозғалысы: 12 том құжаттар мен материалдар жинағы толық жарық көрді
Руханият • Бүгін, 14:03
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Бүгін, 13:32