Аймақтар • 25 Мамыр, 2017

Қостанайда заң криминологиясының өзекті мәселелері талқыланды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қаласында «Криминологиялық заңнамадан қылмыстылыққа қарсы әрекет ету құқығына (криминология мәселелері)» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Қостанайда заң криминологиясының өзекті мәселелері талқыланды

Оның жұмысына АҚШ, Германия, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының белді ғалымдары, Қостанай облысының әкімі, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қостанай облысы Жоғарғы оқу орындарының ректорлары және ғылыми-педагокикалық жұмыскерлері, мемлекеттік және құқыққорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері, облыстың білім беру мекемелерінің заңгер мамандығының студенттері мен курсанттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. 
Қазақстан Респуликасы Бас Прокуратурасы жанындағы құқыққорғау органдары Академиясының ректоры міндетін атқарушы Наил Ахметзакіровтың «Криминологиялық болжам жасаудың ғылыми негіздері» атты тақырыптағы баяндамасы форумның қатысушыларының ерекше қызығушылығы мен ықыласына бөленді. 
Баяндамада бірігіп маңызды криминологиялық зерттеулер өткізу үшін фундаменталды негіздер көрсетілген. Академияның ғылыми еңбектері қылмыстылықтың алдыналу мен оны талдаудың тиімді жүйесін құру үшін жақсы негіз бола алады. 
Өз баяндамасында Наил Ахметзакіров конференция форматының шегінде Қостанай облысының әкімі мен прокурорына қысқа және ұзақ мерзімді кезеңге облыстағы қылмыстылық жағдайына криминологиялық болжам жасауды ұсынды. 
«Бұл Академияға ұзақ мерзімді талдауларды өткізу қызметін жүктелуі дұрыстығының дәлелі болып табылады.Қазіргі уақытта Академия қылмыстылықты бағалау әдісі құрастырылып жатыр, ол өз кезегінде көп факторлы болуы мүмкін» деді конференция көтергени мәселенің маңызы туралы Заң ғылымдарының докторы, Челябі мемлекеттік университетінің Қостанайдағы филиалының профессоры А. Мизанбаев. 
Нәзира Жәрімбетова 
«Егемен Қазақстан» 
ҚОСТАНАЙ