«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР заңы қолданысқа енгеннен бері ішкі мемлекеттік аудит комитетінің органдарында комплаенс-бақылау жүзеге асырыла бастады. Биыл бақылаумен қамтылған 1 784 млн теңгенің ішінен сомасы 244,1 млн теңге құрайтын бұзушылық тәуекелдері расталған. Осыған орай 15 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолданылды. Ал құжатқа байланысты қателік жіберген екі лауазымды тұлға 816 мың теңге айыппұл төледі.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының департаментіне жалпы сомасы 41,0 млн теңгеге 3 аудит материалы жолданды. Тәртіптік жауапкершілікке 159 лауазымды тұлға тартылды, – дейді Е.Марайымов. – Мысалы, «Кең Жылыой» Мәдениет үйі» 2016 жылы Үкімет резервінен «Жұмыспен қамту – 2020» Жол картасы» бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген аудит қорытындысында 30,8 млн теңгенің бұзушылықтары анықталған. Қаржылық бұзушылықтар толықтай қалпына келтірілді. «Кең Жылыой» Мәдениет үйінің» директоры 226,9 мың теңге сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, Атырау қалалық білім бөліміне жүргізілген аудит іс-шарасы қорытындысымен жеткізілмеген тауарға бюджеттен 9,3 млн теңге негізсіз аударылғаны белгілі болды. Аудит материалдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының департаментіне жолданған».
Департамент жыл басынан бері 7437 мемлекеттік сатып алу рәсіміне камералық бақылау жүргізді. Қортындысында 579 мемлекеттік сатып алу бойынша сомасы 10325,4 млн теңгенің бұзушылықтары анықталыпты. Құрылым басшысы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында сатып алу қатысушыларына заңнамада көзделмеген талаптарды белгілеу, шартты жеңілдікті құқыққа сыйымсыз қолдану, әлеуетті өнім берушілерді құқықққа сыйымсыз қабылдамау және негізсіз конкурсқа жіберу сынды қателіктерге көп жол берілетінін айтады. Мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушыларымен Құрманғазы, Индер, Жылыой аудандарының жалпы білім беретін орта мектептеріне информатика, география, мультимедиялық кабинет және басқа да кабинеттерді сатып алуда конкурстық құжаттаманы жасақтау барысында заң нормалары сақталмаған. Бақылау қорытындысымен 23 мемлекеттік сатып алудың күші жойылды. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, «Жылыой аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Майкөмген, Шоқпартоғай, Тұрғызба, Қосшағыл ауылдарының ішкі жолдарын жаңғырту бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы жасақтауда Заңның 9-тармағын бұзып, конкурстық құжаттамада жобалау қызметін атқаруға әлеуетті өнім берушінің лицензиясы болуы туралы талап қойылмаған, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттама жасақтау жұмысына демпингтік баға қаралмаған. Бұл сатып алудың да күші жойылды.
«Конкурстық өтінімдерді қарау кезінде әлеуетті өнім берушілерді негізсіз конкурсқа қатысуға жіберу деректері де кездеседі. Айталық, сатып алу ұйымдастырушысы, «Жылыой аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ №1305312-1 «Жылыой ауданы Құлсары қаласында көше бейнебақылауы және бағдаршам орнатуға жобалау-сметалық құжаттама жасақтау» сатып алуды жүзеге асыру кезінде заң нормалары мен ереже талаптары бұзылып, әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сай келмейтін конкурстық өтінімін конкурсқа қатысуға жіберген. «Құлсары қаласы ішкі істер бөлімінің жедел басқару орталығы әкімшілік ғимаратынының құрылысына техникалық қадағалау қызметі» конкурсы бойынша комиссия біліктілік талаптарына сай келмейтін «Кұрылыс Инжиниринг Ақтөбе» ЖШС-ның өтінімі негізсіз конкурс жеңімпазы болып танылған» – дейді Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысы.
Экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында департамент барлық аудандарда мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша техникалық оқулар өткізуді жолға қойған. Бұл – аталған саладағы проблемалардың алдын алуға бағытталған қадамның бірі.
Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан».
АТЫРАУ.
Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті жыл басынан бері 32 іс-шара өткізді. Соның нәтижесінде жалпы сомасы 1522,0 млн теңгенің заң бұзушылықтары анықталды. Бұл туралы департамент басшысы Еркебұлан Марайымов мәлім етті.
Президент Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Президент • Бүгін, 13:01
Мемлекет басшысы Қаратал ауданындағы әлеуметтік нысандармен танысты
Президент • Бүгін, 12:41
Биыл Алматы облысында 57 мың жұмыс орны ашылды - Марат Сұлтанғазиев
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Мемлекет басшысы: «Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі»
Президент • Бүгін, 11:56
Перизат Қайраттың мүлкі тәркіленді
Қоғам • Бүгін, 11:36
Шерзат Болаттың өлімі: тергеу қашан аяқталады
Заң • Бүгін, 11:14