Үкімет • Бүгін, 15:47

Олжас Бектенов: Геологиялық барлау саласы отандық өнеркәсіптің стратегиялық негізіне айналды

10 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Geoscience & Exploration of Central Asia (GECA 2026) халықаралық геологиялық форумына қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Олжас Бектенов: Геологиялық барлау саласы отандық өнеркәсіптің стратегиялық негізіне айналды

GECA 2026 форумы халықаралық ұйымдар, дипломатиялық корпус, сондай-ақ ұлттық және шетелдік компаниялар өкілдерін біріктірді.

Геологиялық форумның пленарлық отырысында сөз сөйлеген Премьер-министр Олжас Бектенов сала мамандарын келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтап, ел экономикасы мен өнеркәсібінің тұрақты дамуы үшін геологиялық барлаудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

«Биыл – шын мәнінде, Қазақстан үшін тарихи жыл. Экономика мен қоғамның барлық саласын одан әрі жаңғырту ісіне тың серпін берген жаңа Конституция қабылданды. Жалпыхалықтық референдумда еліміздің азаматтары нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ауқымды бастамаларына жаппай қолдауын білдірді. Қазірден бастап мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға және адам капиталын дамытуға бағытталған Ата заңның нормаларын жүзеге асыруға біз айрықша көңіл бөліп отырмыз. Аталған өзгерістер экономиканы дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, соның ішінде геологиялық барлау саласы отандық өнеркәсіптің стратегиялық негізіне айналды», деді Олжас Бектенов.

Олжас Бектенов геологиялық барлау жұмыстарына отандық технологияларды қолдануды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және заманауи технологияларды қолдану аясын кеңейтуге бағытталған геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы жүйелі реформалар жүзеге асырылып жатыр.

рр

Мұндағы маңызды қадам қызметтерге ашық қолжетімділікті қамтамасыз ететін жер қойнауын пайдаланудың Бірыңғай порталын іске қосу болып отыр. Мәселен, «Бірінші келді – бірінші алды» деген әлемдік озық тәжірибенің негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру үдерістері айтарлықтай жеңілдетілді. Бұл соңғы үш жылда геологиялық барлауға шамамен 280 млрд теңге жеке инвестиция тартуға мүмкіндік берді. 

Қорлар бойынша есептіліктің халықаралық стандарттары енгізілді. Алдағы уақытта геологиялық зерттеулерге орнықты көзқарас қалыптастыру үшін 1:50 000 масштабындағы геофизикалық карталарды жасақтау қолға алынды.

Бүгінде елімізде геологиялық саланы дамытудың заманауи және технологиялық моделі қалыптасып келеді. Ұзақмерзімді басымдықтар қатарында техногендік минералдық түзілімдерді экономикалық айналымға тарту, жерасты суларының кен орындарын түгендеу бойынша жүйелі жұмыс, сондай-ақ саланың цифрлық трансформациясы жағдайында жұмыс істеуге қабілетті жаңа формация мамандарын – геологтер, инженерлер мен сарапшылар даярлау бар. Астанада сараптамалық зертхана, керн қоймасы және геологиялық ақпарат қоры бар геологиялық кластер құрылуда. Орталық кадрлық әрі техникалық ресурстарды біріктіреді және салалық зерттеулерді жеделдетуге ықпал етеді.

Олжас Бектенов: Ғылымға ұзақ мерзімді инвестиция салуды ынталандыру қажет

Қазақстан елеулі минералды-шикізаттық әлеуетке ие және оны инвесторлар пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және қайта өңдеу бойынша басым аймақтардың бірі ретінде қарастырады. Елімізде шамамен 10 мың кен орны бар, шикізаттың негізгі түрлері бойынша қорлардың жалпы көлемі 2,3 мың тоннадан астам алтын, 4,3 млрд тонна мұнай, 3,8 трлн текше метр газ, 33,5 млрд тонна көмір және 26,7 млрд тонна темірді құрайды. Ресурстық базаның едәуір бөлігін сирек жер металдары, оның ішінде 2025 жылы ашылған 800 мың тоннаға жуық церий, неодим, иттрий және басқа да элементтердің қоры бар «Құйрықтыкөл» кен орны құрайды.

аа

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде ел аумағын геологиялық-геофизикалық зерделеуді 2,2 млн шаршы шақырымға дейін жеткізу бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш шамамен 2,04 млн шаршы шақырымға жетті. Жер қойнауын геологиялық зерделеуді қаржыландыру 10 есеге ұлғайтылғаны және алдағы 3 жылда шамамен 500 млн долларды құрайтыны атап өтілді.

Форум барысында цифрлық технологиялар мен ЖИ енгізе отырып, геологиялық барлау, жер қойнауын пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе алмасуға назар аударылды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, Өзбекстан Республикасы тау-кен өнеркәсібі және геология министрінің орынбасары Рустам Юсупов, Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Геология бас басқармасының басшысы Илхомджон Оймухаммадзода және тағы да басқалар өзара іс-қимылды кеңейту жөнінде ұсыныстар айтып, пікір білдірді. 

Олжас Бектенов ЕАЭО аумағында жүк тасымалын реттейтін ЖИ платформасын құруды ұсынды

Форумға қатысу аясында Премьер-министр «Жас геолог» стендін, минералдардың экспозициясын және геологиялық кластер макетін аралап көрді.

Соңғы жаңалықтар