Дәрігерлік аппарат КРДЖ-та жүзеге асыруға болатын сызықтық томография, бейне сапасы жоғары ішек, бас сүйек, қаңқа сүйек зерттеулері, урография, миелография, тамырлар мен өкпе зерттеулері, бронхографя, ангиография секілді зерттеудің барлық түрлерін орындауға мүмкіндік береді. Бұл жоғары технологиялық қондырғы – негізгі қызметі түрлі рентген диагностикалық жиынтықтарын өндіру болып табылатын «Актюбрентген» АҚ отандық өндірушінің өнімі. Биылғы жылдың мамыр айында компания өзінің 75 жылдық мерейтойын атап өтті. Оның тарихы Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақ КСР Ақтөбе қаласына көшірілген Мәскеу кәсіподақ мемлекеттік рентген зауытынан бастау алады.
Денсаулық сақтау саласы «Maersk Oil» компаниясының әлеуметтік инвестицияларының ішінде басым салаларының бірі болып табылады. Тек 2015-2016 жылдары компания Маңғыстау облыстық емханасының кардиохирургиялық орталығына, облыстық онкологиялық диспансеріне мамандандырылған жабдықтар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға сатымен көтергішті сатып алуға, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға шамамен 300 мың АҚШ долларын бөлді.
«Біз облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсетуді жетілдіру және жергілікті денсаулық сақтауды дамыту мақсатымен Маңғыстау облысының әкімшілігіне кезекті қолдау көрсеткені үшін ризамыз. Сондай-ақ, бұл жоба бізге жергілікті өндірушіге де қолдау жасап, қазақстандық қамтуды арттыруға күш салуға мүмкіндік берді», – деді «Maersk Oil» компаниясының Қазақстандағы Бас директоры Филип Каннингэм.
Гүлайым Шынтемірқызы,
«Егемен Қазақстан».
АҚТАУ.
«Maersk Oil» компаниясы «Ақтау қалалық емхана №1» МКҚК-на «Ардиагност-8» рентген құрылғысын сатып алуға шамамен 46 млн теңге бөлді. Жоба Маңғыстау облыс әкімдігі бастамасымен жүзеге асырылды.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше