Бизнес • 25 Мамыр, 2017

Мұнай өндірісін азайту туралы ОПЕК келісімі 9 айға ұзартылды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ОПЕК мүшелері мұнай өндірісін тағы 9 айға ұзартуға уағдаласты.

Мұнай өндірісін азайту туралы ОПЕК келісімі 9 айға ұзартылды

Бұл жайлы Венада өтіп жатқан картель мүшелерінің жиынында белгілі болды, деп жазады abctv.kz.

Алайда Ливия мен Нигерия келісімді мақұлдамаған көрінеді. Сауд арабиясының энергетика министрі Халид аль-Фалихтің айтуынша, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бұл мемлекеттерге өндірісті қалпына келтіру қажет.

Ал Мысыр мен Түрікменстан керісінше, келісімге қосылуға ниетті дейді министр.

Нарықтағы ірі ойыншылардың бірі Иран болса, құжаттың бір жылға дейін ұзартылғанына қарсы емес.

Ал мұнай бағасының олар үшін $55-60 аралығында болғаны ыңғайлы екен. ОПЕК мүшелерінің келесі кездесуі қараша-желтоқсан айларында өтпек.