А.Мамин Мемлекет басшысының тұрақты экономикалық өсім үшін кен металлургия кешенінің дамуына айрықша көңіл бөлетінін айта отырып, форумның кен металлургия кешеніндегі маңызды мәселелерді талқылау мен шешуде халықаралық алаң ретіндегі маңызын атап көрсетті.
Қазақстан әлемде темір кені бойынша жетінші және болат өндірісі көлемі бойынша 33-ші орын алады. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы құрылымында кен металлургия кешені 18 пайыздан астамды құрайды.
Соңғы жылдар ішінде алғаш рет базалық металдарға әлемдік бағаның көтерілуіне, рыноктардың жандануына және көптеген жетекші өндіруші компаниялар үшін шығындардың азаюына байланысты әлемдік кен металлургия өнеркәсібінде оң тенденциялар байқалуда деп атап өтті А.Мамин.
2017 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсімі 3,7 пайызды құрады. Өнеркәсіп өндірісі көлемі – 107,1 пайыз, оның ішінде кен өндірісінде 107,8 пайыз өңдеу саласында 106,8 пайызды құрады, деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.
Бізге саладағы өсімнің оң динамикасын сақтап, өзіміздің бәсекелестік артықшылықтарымызды тиімді пайдалануымыз қажет, деп атап көрсетті А.Мамин.
Оның айтуынша Төртінші өнеркәсіптік революция кен металлургия өнеркәсібінің басты технологиялық тренді болып табылады. Қазірдің өзінде арзан технологияларды қолдану арқылы өндірістің өзіндік құнын төмендетуге және шығарылатын өнім көлемін айтарлықтай ұлғайтуға жағдай туғызатын Индустрия 4.0 -дің элементтерін қолданудың оң үлгілері бар.
Қазақстанның ірі темір кені шикізаты мен болат өнімдерін өндірушілердің бірі болып табылатынын ескере отырып, Болат жөніндегі комитетті ЭЫДҰ-ға мүшелікке өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. ЭЫДҰ-ға мүше болу субсидиялау және металлургия кәсіпорындарына мемлекеттік қолдау проблемалары бойынша шешім қабылдауға қатысуға және ДСҰ талаптарын ескере отырып болат рыногында әділ бәсекелестікті дамыту бойынша күш-жігер жұмсауға жағдай туғызады.
Талқыланып отырған тақырыптың көкейкестілігін атап өте отырып, А.Мамин форумға қатысушыларға өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін көзқарастар қалыптастыруда, КМК-да өнімнің жаңа түрлерін дамытуда, инновациялық технологиялар енгізуде тиімді жұмыс тіледі.
Айтқандай, 25-ші Дүниежүзілік кен конгресін 2018 жылғы 18-22 маусымда Астанада өткізу жоспарланып отыр.
Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин Астанада өткен VIII Халықаралық кен металлургия конгресіне қатысып, сөз сөйледі деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 16:25
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Бүгін, 15:47
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 14:42
Алаш қозғалысы: 12 том құжаттар мен материалдар жинағы толық жарық көрді
Руханият • Бүгін, 14:03
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Бүгін, 13:32