Өзінің баяндамасында И.Накамицу Ұйым Миссиясының химиялық қаруға тыйым салуды қалыптастыру бойынша атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы айтып берді. Ұсынылған есепте өткен жылдың 15-16 қыркүйегінде Сирияның Умм-Хош ауданына шабуыл барысында және үстіміздегі жылдың 4 сәуірінде Хан Шейхундегі соңғы кикілжің кезінде химиялық қару қолданылғаны туралы айғақ көлденең тартылды. Осыған орай, БҰҰ-ның Жоғары өкілі бұл әрекеттердің халықаралық құқық нормаларын өрескел бұзу болып табылатынын және ешқандай ақтауға жатпайтын қадам саналатынын атап көрсетті.
Қазақстан делегациясы Миссия қызметінің қорытындыларына сілтеме жасай отырып, химиялық қару қолдану Сириядағы шешімін таппай келе жатқан аса күрделі мәселелердің бірі болып қалып отырғанын жария етті. Осындай ауыр да қауіпті химиялық заттар қолдану үлкен қылмыс болып табылатынын және мұны айыптай келе, Қазақстан аталған оқиғаны жан-жақты және шынайы зерттеп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуға шақырды. Осыған орай Қазақстанның БҰҰ-дағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров И.Накамицу ханым Химиялық қаруды қолдануды тексеру жөніндегі бірлескен басқарушы топтың жетекшісі Эдмунд Мулемен бірлесіп, Сирияда объективті тексеру жүргізу үшін қолдан келген мүмкіндіктің бәрін қолданады деген сенім білдірді.
Аталған проблемалы мәселе бойынша атқарылған жұмыстар туралы ұсынылған есепті тыңдай келіп, Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің басым бөлігі Миссия қызметін жалғастыру керек деген ұстаным білдірді және Сирияда химиялық қару қолдануға қатысты тексеруде толық нәтижеге қол жеткізілетініне үміт артты.
БҰҰ-ның Нью-Йорктегі Штаб пәтерінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісі болып, онда БҰҰ-ның Қарусыздану мәселелері жөніндегі Жоғарғы комиссары лауазымына жақында тағайындалған Идзуми Накамицу ханымның есебі тыңдалды. Есепте Сириядағы химиялық қаруды жоюға байланысты ағымдағы жағдай сөз болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
«AMANAT»-та «Ұлы дала» әдеби байқауы қорытындыланды
Руханият • Кеше
Деректер журналистикасы бойынша оқу курсының таныстырылымы өтті
Аймақтар • Кеше
«Egemen» де, домбыра да сыйлады
Руханият • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты
Президент • Кеше