Қазақстан • 29 Мамыр, 2017

«Балуан Шолақ» түсіріле бастады

164 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдағы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында сценарийі Дулат Исабековтің «Жау­жүрек» пьесасының желісі бойынша жазылған «Балуан Шолақ» атты толық­метраж­ды көркем фильмнің қорға­лымы өтті. 

«Балуан Шолақ» түсіріле бастады

Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсіргелі отырған жаңа фильм балуан, әнші әрі композитор Балуан Шо­лақтың өмірі туралы баян­дайды. Қорғалым бары­сында фильм режиссері Нұр­гелді Садығұлов «Қазақ­фильм­нің» сарап­тамалық кеңес мү­ше­леріне түсірілім то­бын таныстырып, түсі­р­ілу жұмыстары жүре­тін аймақтарды атап, шығар­машылық жоспарларын жария етті.
Бұған дейін бірқатар деректі туындылар  мен  «Ойы­ншықтар»,  «Сүт», «Не­сиеге махаббат», «Зұл­мат», «Біздің ауыл – во!» сын­­ды көркем фильм­дер­ді түсіріп, тәжі­рибе жи­нақ­­таған жаңа карти­наның режиссері: «Соңғы сері­лері­міздің бірі Балуан Шо­лақ – аттың құлағында ой­­на­ған жаужүрек адам. Балуан­­дығымен қоса ком­­­позиторлығы бар дала да­ры­ны. Фильмде Балуан Шо­лақ­­тың бойында бар өне­рін, елінің қамы үшін түрлі ер­лік­ке бара алатындығы мен Ғалияға деген махаббатын көрсет­кіміз келеді», дейді. 
Деректі кино және теле­ви­дение режиссері ретін­де танылған Нұргелді Са­ды­­ғұлов жазушы Дулат Иса­бековтің шығарма­шылығына қанық деуге болады. Ол түсірген деректі фильмдер қатарында «Иса­беков әлемі» де бар. 
Сонымен, түсірілім жұмыстары Ақмола және Пав­лодар облыстарында өте­ді. Бірқатар кадрлар «Қазақфильм» павильон­дарында түсірілмек. Фильм­нің қоюшы суретшісі Еркін Сүлейменов фильм­нің не­гіз­гі көріністері «Жәр­мең­ке» және «Балуан Шо­лақ­тың ауылы» деко­ра­ция­лары Алматы облы­сы, Жалаңаш және Кеген ауыл­дарында тұрғызы­латынын айтады.
Осы арада Балуан Шо­лақтың рөліне режис­сер таң­дауы еңселі актер­лері­міз­дің бірі Еркебұлан Д­а­йыровқа түскенін айта кету керек. Фильмге еліміз­дің бас­қа да танымал театр ак­­тер­­­лерімен қатар жас та­­лап­­­кер­лер де түсетін болады. 

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»  

АЛМАТЫ