Аймақтар • 30 Мамыр, 2017

Хас талант – Хадиша

418 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Осыдан екі жыл бұрын Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Бөкей ордасына арнайы қонақ болып келген атақ-даңқы алты Алашқа мәшһүр актер Асанәлі Әшімов Қазталов ауданы аумағынан өтіп бара жатып: «Бұл Хади­ша Бөкеевадай хас талант өмір есігін ашқан қасиетті жер ғой. Хадиша апамыз жарық дүниеге көрінген ауыл-аймаққа қалай аялдамай кетемін…», деп ат шалдырған еді.

Хас талант – Хадиша

Міне, сол Қазталов жұртшы­лығы КСРО халық әртісі Хадиша Бөкееваның 100 жылдығын атап өтуде.
Мерейтойлық салта­нат­тың шымылдығы аудандық мәдениет үйінің алдына орнатылған Х.Бө­кеева­ның мүсінін ашумен басталды. Осы шара барысында Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр мерейтой меймандарына қазақы қонақ­жайлықпен «Қош кел­діңіз!» айтып, көрнекті тұлға­ның 100 жыл­дығын атап өтуге зор жауап­кершілікпен қарап, ұйым­шылдық танытқан жер­лес­теріне ризашылы­ғын білдірді. Ал Қазақстан­ның ха­лық әртісі Құман Тастан­беков: «Мәңгілік Қазақ елінің әлемге таны­луын­да халқымыздың өнері мен мәд­ениеті зор мән-маңызға ие екен­дігін ескерсек, Хадиша апамыздың өмірі мен өнер жолынан мол ғибрат алуға тиіспіз», деді.
Салтанатты рәсімнен кейін жиналған көпшілік Хадиша Бөкееваға арнал­ған көрмемен танысып, «Өз­гелерді дарынымен там­сандырған» атты деректі фильмді тамашалады.
Ел ардагерлері Жайсаң Ақбай, Мұлхайдар Әміреев және өнер тарланы Меруерт Өте­кешова, жазушы Сара Ләтиева есте­ліктер тие­гін ағытты. Соны­мен қатар, аудан­ның мәдениет қыз­мет­керлері Хадиша Бөкеева орын­даған рөлдерді сахнаға қай­та шығарса, мерейтойға ар­найы келген астаналық опе­ра әншісі Айзада Қа­по­нова, сол секілді Ақ­марал Ах­метова, Ай­бар Қайыр­ханов, Нұржан Тас­болатов, Аль­берт Ғазиз­жанов, Ернар Өмірәлі сынды өңі­ріміздің өнер шеберлері әннен шашу шашты.
Ұлтымыздың ардақты қызы Хадиша Бөкееваның ғасырлық мерейтойы бәйге, аударыспақ, қыз қуу, көкпар сықылды халықтық спорт түр­леріне ұласты. Ұлттық ойын­дарға Ресейден, Атырау мен Маңғыстау облыстарынан келген спортшыларға қоса, Ақжайық, Жаңақала, Бөкей ордасы, Жәнібек, Сы­рым және Шыңғырлау аудан­дарының өкілдері де қатысты.
Сара ЛӘТИЕВА, «Алаш» сыйлығының иегері, жазушы:
– Хадиша апамен әңгі­мелесе қалғанда, өнері­нен гөрі, өмірі туралы көбі­рек айтатын. Оның себебі, өнері халық алдында, ал жеке өмірі туралы былайғы жұртшылық біле бермей­ді ғой. Мен ол кісі туралы жазған кітабым­да жеке өмірі­не көбірек тоқталдым. Бұл күндері об­лыс, аудан басшылығы ұйыт­қы болып, сахна өнерінің сөн­бес жұлдызына айналған тұл­ға­ның өнер жолын жұрт жадын­да жаңғырту­да. Сондай-ақ, Батыс Қазақ­стан облыстық қазақ драма театрына Хадиша Бөкеева есі­мінің берілуі де Жайық жұртының оның өнері­н асқақ бағалағаны деп түсінемін.

Мөлдір ӘНУАРБЕК,
Қайрат ЖАҚЫП

Батыс Қазақстан облысы,
Қазталов ауданы