Кеше Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Парламент Сенатының бюро отырысында 29 қыркүйекте болатын палатаның кезекті жалпы отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар талқыланды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Таяудағы отырыста «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің жобасы бірінші оқылымда талқыланатын болды. Сондай-ақ бірінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаралады.
Одан басқа депутаттар талқысына «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» заң жобасы ұсынылады, ал «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралады.