27 Қыркүйек, 2011

Қазақстан туралы тұсаукесер-семинар

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекетіміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай жақында Қа­зақстанның Ослодағы Дип­ло­ма­тиялық миссиясы Норвегияның Сауда-өнеркәсіптік палатасының қолдауымен Қазақстан жайлы тұ­саукесер-семинар өткізді. Атал­ған іс-шарада норвегиялық қауым өкілдері еліміз тәуел­сіздігінің 20 жылында қол жет­кізген эконо­микалық жетістіктерімен таныс­тырды, сондай-ақ ын­ты­мақ­тас­тықтың қазіргі таң­дағы инвес­ти­циялық және сау­да мүм­кін­шіліктерінен хабардар етілді. Ослода семинар екі елдің екі жақты қатынастар тарихында ал­ғаш рет жүзеге асқан қазақ­стан­дық іс-шара болып та­былды. Атал­мыш семинарға өнер­кәсіп, қаржы қызметі, ақ­параттық технологиялар мен инфрақұры­лым­дық салаларда жұ­мыс істейтін Скандинавия ел­дері іскер топ­тарының өкіл­дері қатысты. Жүзеге асқан семинар «Казнекс-Инвест» экспортты тарту және ілгерілету бойынша ұлт­тық агенттігі мен «Grata» қазақ­стан­дық ең ірі заң фирмасының белсенді көмегімен ұйымдас­ты­рыл­ды, деп хабарлады Қа­зақстан Рес­публикасы Сыртқы істер ми­нистр­лігінің баспасөз қызметі.