Сол бір алай-дүлей шақтарда қазақтың аналары бізге ана болды. Аталары пана болды. Жатсынбастан жанына жақын тартып, төрлерінен орын берді, бауырына басты. Өздері қандай ауыр күн кешіп жатса да, біздерге аузындағы нанын жырып берді. Тағдырдың тәлкегін кешіп пана сұрап келген талай халықтың жер дүниеден жойылып кетпеуі, қазақ халқының жомарттығы мен кеңдігінің арқасы деп білеміз. Дүниеде барын қонағының алдына тосатын қазақтай қонақжай халық көрген жоқпын. Сондықтан, Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты барлық этнос өкілдері кеңпейіл қазақ жұртының алдында мәңгілік борыштармыз. Барша ұлтты бауырына басып, бейбітшіліктің бесігінде тербеткен дария көңіл қазақ жұртына айтар алғысымыз шексіз.
Қазақбай ҚАСИМОВ,
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, философия ғылымдарының докторы